Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 1

Құдайдың Өзін адамзатқа анық түрде көрсетуі

1 Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. 2 Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын1:2 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Жар 1:26; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі1:2 Яки: мұрагері (Рим 8:17; Мат 11:27; 28:18). етіп тағайындады. 3 Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты.1:3 Яки: Оның болмысы Құдайдың болмысына толығымен пара-пар. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр.1:3 Немесе: құдіретті әмірімен аман сақтап тұр (Қол 1:17). Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também