Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 10

Нағыз құрбандық және Жаңа Келісім туралы уәделердің іске асуы

1 Таурат заңына негізделген ескі құлшылық ету жолы10:1 13:10,13. Құдайдың адамдарға дайындап қойған игілігінің өзі емес, оның күңгірт жобасы ғана. Сол заң бойынша жыл сайын қайталап жасала беретін бірдей құрбандықтар Құдай алдына баратын адамдарды еш уақытта түпкілікті тазартып, мүлтіксіз ете алмайды. 2 Егер адамдар құрбандық жасаулары арқылы біржола тазартылса, онда олар өз күнәкарлықтарын сезінуден қалып, құрбандық жасауларын доғарған болар еді. 3 Ал шын мәнісінде жылма-жыл ұсынылатын құрбандықтар адамдардың жасаған күнәларын естеріне түсіріп қана отырады. 4 Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também