Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 10

Құдайға жақындап, Одан үміттеріңді үзбеңдер!

19 Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға10:19 Яки: енді еш қысылмастан еркін (көктегі киелі үйдің ішіндегі) ең қасиетті бөлмеге (яғни Құдай алдына) (6:19-20; 9:3-5). кіре аламыз. 20 Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. 21 Ол, сондай-ақ, ұлы Діни қызметкеріміз ретінде бүкіл Құдай үйінің10:21 Яки: бүкіл Құдай халқының (3:2,6). үстінен қарайды. 22 Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.10:22 Демек, діни қызметкерлердің өз үстеріне құрбандықтың қанын бүркіп, денелерін таза сумен жуатынындай, біз де ар-ұжданымызды Мәсіхтің төгіліп, «бүркілген» қанымен барлық күнәлардан толық арылтып, жамандық атаулыдан тазарайық (9:14-15; 12:24; Пет1 1:2).

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também