22 Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.10:22 Демек, діни қызметкерлердің өз үстеріне құрбандықтың қанын бүркіп, денелерін таза сумен жуатынындай, біз де ар-ұжданымызды Мәсіхтің төгіліп, «бүркілген» қанымен барлық күнәлардан толық арылтып, жамандық атаулыдан тазарайық (9:14-15; 12:24; Пет1 1:2).
Publicidade