24 Сеніміне бола Мұса жасы кәмелетке келгенде перғауынның қызының баласы деп аталудан бас тартты. 25 Ол күнәкар өмірдің өткінші рақатынан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады.11:25 Мыс 1:8,15-16,22; 2:1-11.26 Осылай Мұса (Құдай уәде еткен) Мәсіх үшін масқара болуды Мысырдың қазыналарынан артық байлыққа санады. Себебі ол болашақтағы зор сыйды көздеді.11:26 10:33; Жар 3:15; 12:2-3; 15:13-14,18; 49:10; Лұқ 14:33; Флп 3:7-8.
Publicidade