Мәсіх Исаның үлгісін және Құдайдың игілікті тәрбиесін қабылдау
1 Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр.12:1 Немесе: Осылайша Құдайдың адалдығына куә болған, бізді бұлт секілді қоршап тұрған сенушілердің үлкен тобы бар. (Осындағы астарлы сөз үлкен стадиондағы жанкүйер көрермендерді еске түсіреді.) (Қор1 9:24-27) Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! 2 Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.12:2 8:1; Мар 16:19; Аян 3:21; 5:6.3 Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!