22 Ал сендер рухани Сион тауына, яғни мәңгі тірі Құдайдың көктегі Иерусалим қаласына, әрі ондағы сан мыңдаған періштелерге келдіңдер. 23 Сондай-ақ, сенушілердің мерекелік жиыны мен қауымына қосылдыңдар. Сендер де, біз де Тәңір Иеге әке мен тұңғыш баласындай жақынбыз, есімдеріміз Оның көктегі кітабына жазылған.12:23 Яғни «Мәңгілік өмір кітабына» (Мыс 32:32-33; Флп 4:3; Аян 20:15). Барлық адамдарға үкім шығаратын Құдайдың алдына, әрі өткен кезеңдерде сенімдері арқылы ақталып, мақсаттарына жеткендерге 24 және Жаңа Келісімнің негізін салған12:24 (8:6; 9:14-15; 10:19-22) Яки: Жаңа Келісімге жол ашқан. Исаға да келдіңдер. Оның төгілген қаны Әбілдікінен гөрі игілікті хабарға меңзейді.12:24 Әбілдің қаны ағасы Қабылды Құдай алдында кінәласа (Жар 4:10-11), Исаның төгілген қаны бізді Құдай алдында ақтап, күнәмізден тазартты (9:14; 13:12; Рим 5:9).
Publicidade
Еврейлерге хат 12
Estes versículos te tocaram? Ore agora!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.