5 Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:
«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме!
6 Иеміз Өзі сүйетін әркімді
Түзетеді әрі тәрбиелейді,
Бауырына басқан әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда».12:6 Нқл 3:11-12.