Мәсіх Иса Мұса пайғамбардан әлдеқайда жоғары
1 Бұл солай болғандықтан, қымбатты бауырластарым, әрі көктегі Құдай сендерді Өзіне бағыштап, қасиетті болуға басқалармен бірге шақырғандықтан, Мәсіх Исаға берік ден қойыңдар: Ол — Құдайдың Елшісі және Бас діни қызметкері. Оған сенім артқанымызды ашық мойындаймыз. 2 Мұса пайғамбар Құдайдың бүкіл үйіндегі қызметін3:2 Яки: Құдайдың бүкіл халқының арасындағы қызметін (Пет1 2:5; 4:17; Қор1 3:16). адал атқарғанындай, Иса да Өзін тағайындаған Құдайға адал болды. 3 Ал салынған үйден гөрі үй салушы көбірек құрметке лайық, сол сияқты Иса да Мұсаға қарағанда әлдеқайда зор құрметке ие. 4 Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай. (Сондықтан да Оның рухани Ұлы Мәсіх Мұсадан анағұрлым мәртебелі!)
5 Мұса Құдайдың бүкіл үйінде адал қызметшісі болып, Оның кейін жариялайтын хабарына меңзеп, ол туралы алдын ала айтып кетті. 6 Ал Мәсіх Құдайдың рухани Ұлы ретінде Оның үйін (яғни Құдайдың халқын) адал басқарады. Егер (Мәсіхке деген) нық сенімімізді және мақтан тұтып келген үмітімізді берік ұстансақ, біз Соның рухани үйіміз.3:6 Яки: Құдайдың халқымыз (3:2; Қор1 3:16; Тім1 3:15).
Сенімнен таймай, Құдай сыйлайтын тыныштықты қабылдауды ескерту
7 Сондықтан Киелі Рухтың мынадай айтқандарына мән беріңдер:
Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
8 Ежелде айдалада сыналған кезде
Бас көтергендердің істегендері секілді3:8 Немесе: Оған қарсы бас көтерген ата-бабаларың іспетті (Мыс 17:7).
Қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!
9 (Тәңір Ие олар туралы былай деген еді:)
Қырық жыл ата-бабаларың сол жерде
Көріп жүрсе де керемет істерімді,
Еркінсіп сынай берді төзімімді.
10 Бұл ұрпаққа сол себепті ашуландым,
Сонымен былай деп қорыттым:
Жүрек қалаулары теріс бағыттағы
Олар тағылымымды қабылдамады!3:10 Яки: Менің оларды жүргізбек жолдарымды қабылдамады!
11 Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:
Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған
Елге кірмейді олар енді ешқашан!3:11 3:18-19; 4:3-5; Рул 14:21-23; Жыр 94:7-11.
12 Бауырластар, сақ болыңдар: ешқайсың жүректеріңді қасарыстырып сенбейтін болмаңдар, мәңгі тірі Құдайдан безіп кетіп жүрмеңдер! 13 Қайта, бірде-біреуің күнәнің кесірінен алданып, қасарысып кетпеу үшін, әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара дем берісіп отырыңдар! 14 Алғашқы сенімімізді3:14 (3:6; 11:1) Немесе: Шындықтың қайнар көзін. аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз. 15 Жоғарыда айтылғандай, «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, бас көтергендердің істегендері секілді қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!»3:15 3:8; Жыр 94:7-8.
16 Жаратқан Иенің даусын естісе де, Оған қарсы бас көтергендер кімдер? Олар Мұса пайғамбардың соңынан еріп Мысыр елінен көшіп шыққандардың бәрі емес пе еді?3:16 Рул 14:4,10-12,21-23,30; Заң 1:32-38.17 Ал Құдай қырық жыл бойы кімдерге ашуланды? Олар күнә жасағандықтан айдалада жүргенде өліп, жерленген ата-бабаларымыз емес пе еді? 18 Құдай кімдер туралы «Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған елге кірмейді олар енді ешқашан!» деп ант еткен болатын? Оған мойынсұнбаған ата-бабаларымыз туралы емес пе еді? 19 Сонымен олардың Тәңір Иеге сенбегендіктеріне бола сол елге кіре алмағанын көреміз.