Құдайдың тыныштық сыйлайтын ел туралы уәдесі
1 Құдайдың шынайы тыныштық сыйлайтын елге кіргізу жайлы уәдесі әлі де күшінде. Сол себепті бірде-біреуіңнің осы мүмкіндікті жіберіп алмауларың үшін сақ болайық! 2 Ата-бабаларымыз сияқты біз де Құдайдың сыйлайтын тыныштығы туралы уәдесін естідік. Олар бұл хабарды сеніммен қабылдамай, тек естіп қана қоя салғандықтан, оның пайдасын көрмеді.4:2 Тек Құдайға сенген екі барлаушы — Ешуа мен Халеп қана уәде етілген елге кіре алды (Рул 14:6-9,24,38; 32:11-13; Еш 14:6-15).3 Ал сенімімізді Мәсіхке артқан біздер уәде етілген тыныштықты иемденеміз.
Рас, Тәңір Ие былай деген болатын: «Қаһарланып ант еттім сондықтан: Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған елге кірмейді олар енді ешқашан!» Ал Тәңір Иенің өз жұмысы әлемді жаратып болған кезде-ақ тамамдалған еді ғой. 4 Киелі жазбалардың бір жерінде жаратылыстың жетінші күні туралы былай делінген: «Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, демалды».4:4 Жар 2:2.5 Алайда Құдай (жоғарыда келтірілген аяттарда) былай деген: «Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған елге кірмейді олар енді ешқашан!» 6 Демек, ежелде Ізгі хабарды естіген ата-бабаларымыз Құдайға бағынбағандықтан сол тыныштыққа кіре алмады. Ал өзге кейбіреулер үшін кіру мүмкіндігі әлі де сақтаулы. 7 Сол себепті Құдай кейін басқа бір күнді белгіледі, ол күн — «бүгін». Көп уақыт өткен соң Ол бұл туралы Дәуіт пайғамбар арқылы былай деді: «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!» 8 Егер кезінде Ешуа пайғамбар халықты Құдай дайындап қойған шынайы тыныштыққа жеткізген болса, онда кейінірек тыныштық сыйланатын басқа бір күн туралы сөз болмас та еді.
9 Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа4:9 Немесе: сенбі (яғни демалыс) күнінің тыныштығына. Яки: Мәсіхке сеніп, Құдай әзірлеп қойған тыныштыққа (4:1-4). жету мүмкіндігі әлі де бар. 10 Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.4:10 Демек, шынайы тыныштығына кірген әр сенуші де Құдай алдында ақталу үшін өзінің жасаған игі істеріне сүйенбейді (Рим 4:1-25).11 Сондықтан ешқайсымыз ата-бабаларымыз сияқты бағынбаушылыққа бола сол тыныштықтан құр қалмау үшін оны иемденуге жан сала ұмтылайық!
12 Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір!4:12 Ерм 23:29; Пет1 1:23; Еф 6:17; Аян 1:16; 19:15. Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.4:12 Жох 12:48; Қор1 14:24-25.13 Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ, Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр.4:13 Жыр 138:1-4; Ерм 17:10; Еф 5:13; Аян 2:23. Біз Құдайдың алдында есеп беруге тиіспіз.4:13 Уағ 12:14; Жох 5:27-29; Рим 2:16; 14:10-12.
Мәңгілік адал Бас діни қызметкер
14 Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар. 15 Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді,4:15 2:17-18; 5:7-8; Лұқ 4:2; 22:28. бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.4:15 7:26; Пет1 2:22.16 Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап,4:16 (7:25; 10:19-23; Жох 14:12-14; 16:23-24) Яки: Құдайға (Мәсіх арқылы) еш қысылмастан еркін сиынып. өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.