Көне және Жаңа Келісімдерге сай жасалған құрбандықтар
1 Бұрынғы Келісімге сай Құдайға құлшылық ету үшін арнайы ережелер және жер бетіндегі қасиетті ғибадат орны болды.9:1 Мыс 25:8-9; 40:1-6.2 Киелі шатыр тігіліп, оның «қасиетті бөлме» деп аталған алдыңғы бөлімінде шам қойғыш, үстел және соның үстінде сый-тарту ретінде ұсынылған нан тұратын.9:2 Мыс 25:23-39; 26:33.3 Ал шатыр ішіндегі шымылдықтың арт жағында «ең қасиетті бөлме» деп аталған киелі орын болатын.9:3 Мыс 26:31-34.4 Сол жерде алтын жалатқан түтету үстелі және жан-жағынан алтынмен қапталған Келісім сандығы орналасқан еді. Сол үстелдің үстінде Құдайға арнап хош иісті заттар өртеліп түтетілетін.
Сандықтың ішінде Келісімнің куәліктері: манна деген керемет тағам салынған алтын құмыра, Һаронның бүр жарған таяғы және он өсиет жазылған екі тас тақташа сақталатын.9:4 Мыс 30:1-5; 25:10-21; 16:15-17,32-33; 31:18; 32:15; Рул 17:10.5 Құдайдың салтанатты ұлылығы қонатын сол сандықтың үстінде керуб9:5 Жар 1:24; Пат2 6:2. атты екі періштенің мүсіндері тұратын. Олардың жайылған қанаттары сандық қақпағын9:5 Немесе: Құдай халықтың күнәсін кешіретін орынды. (Ол «рақымшылық тағы» деп те аталатын.) (Мыс 25:20-22; 26:34; 37:6-9; Леу 16:11-17) жауып тұрды. Сол қақпаққа халықтың күнәсінің құнын өтеу үшін жыл сайын шалынған құрбандықтың қаны бүркілетін. Алайда мұны қазір егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ.