16 Құдай бекіткен Келісімді өсиетнамамен салыстыруға болады:9:16 Грекше «келісім» сөзі «өсиетнама» дегенді де білдіреді (Түсіндірмедегі «Келісімді» қараңыз). өсиетнаманы қалдырған кісінің өлгендігі анықталған соң ғана оны ашып оқуға болады. 17 Өсиетнама адам тірі жүргенде емес, қайтыс болғаннан кейін ғана күшіне енеді. 18 Сол сияқты, бұрынғы Келісім де қанмен бекітіліп,9:18 Немесе: бірінші өсиетнама да құрбанға шалынған малдың қанымен бекітіліп (Мыс 23:6). күшіне енді. 19 Алдымен Мұса пайғамбар бүкіл Исраил халқына Таурат заңының барлық өсиеттері мен ережелерін жариялаған еді. Содан кейін құрбандыққа шалынған бұзаулар мен қошқарлардың қанын алып, су қосты да, сайсағыз бұтақшалары мен аздаған ал қызыл түсті жүнді соған малып алып, Келісім кітабына және бүкіл халыққа бүркіп тұрып: 20 Бұл — Құдайдың өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан,9:20 Мыс 24:8; Мат 26:28. — деді.
Publicidade
Еврейлерге хат 9
Estes versículos te tocaram? Ore agora!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.