Қиын-қыстау кездегі сенім мен қуаныш
17 Інжір ағаштары гүлдемесе де,
Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де,
Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де,
Егістіктерден астық жиналмаса да,
Қорада қой, табында мал қалмаса да,
18 Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,
Құтқарушы Құдайыма қуанамын.