Pular para o conteúdo
Publicidade

Езекиел 27

Тир қаласына арналған жоқтау

1 Жаратқан Ие маған тағы сөзін арнап былай деді: 2 «Ей, пендем, Тирге арнап жоқтау айт. 3 Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:

Уа, Тир, сен өзіңді: «Мен керемет көріктімін!» деген едің. 4 Сенің шекараларың теңіздің ортасына дейін жететін.27:4 4-9 аяттарда Тир қаласы саудагерлер кемесі ретінде астарлап бейнеленген. Сәулетшілерің көркіңді кемеліне келтірді. 5 Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан27:5 Яки: Сенирдің кипарис ағаштарынан. (Сенир Хермон тауының амор тіліндегі аты болатын: Заң 3:9.) дайындады. Діңгегің ливандық самырсыннан болды. 6 Ескектеріңді Башанның емендерінен ойып жасады. Үстіңгі қабатыңның еденін Кипр жағалауынан әкеліп, пілдің сүйегімен әшекейленген кипарис ағашынан төседі. 7 Желкендеріңді мысырлық кестелі бәтестен тікті. Олар жалауың іспетті үстіңде жайқалып тұрды. Үстіңгі шатырың (Кипр аралындағы) Елишаның жағалауларынан әкелінген қою күлгін және күрең қызыл бәтестен жасалды. 8 Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы! 9 Кеме түбінің тесік-саңылауын бітеп жөндеу үшін гебалдық тәжірибелі аға шеберлер де өзіңде бар болатын, теңізде жүзетін күллі кемелер саудаласу үшін саған тоқтайтын.

10 Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар27:10 (Дан 8:20; Иш 66:19; Жар 10:6) Немесе: Парастық (яки патрустық), лудтық және пұттық адамдар (Жар 10:8,13,14,22). жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын.

11 Аруадтықтар кіликиялықтармен27:11 (Елш 6:9; 27:5) Немесе: өз әскеріңмен. бірге бар қамал қабырғаларыңның үстінде орналасып, ғамадтықтар мұнараларыңда қызмет атқаратын. Олар қамалыңның қабырғаларын айналдыра іліп қойған қалқан-қорамсақтарымен көркіңді кемеліне жеткізді.

12 Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис27:12 38:13; Жүн 1:3. та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын. 13 Грекиялық, тұбалдық және мешехтік27:13 Грекия: ежелгі Иаван (қазіргі Грекия және батыс Анадолу өлкелері). Тұбал, Мешех: қазіргі орталық Анадолу өлкесінде орналасқан ежелгі елдер (Жар 10:20; Жое 3:6). саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен27:13 Яғни құл-күңмен. және қола бұйымдармен төлейтін. 14 Бет-Тоғарма27:14 Шығыс Анадолуда (38:6; Жар 10:3), қазіргі аты — Гурун. алып келген жұмыс жылқыларын, шайқаста мінетін аттарын және қашырларын сенің тауарларыңмен алмастыратын. 15 Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін.27:15 25:13; 27:20; Ерм 25:23.16 Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама27:16 Яғни Сирия (Иш 7:2). Немесе: Едом (25:12). елі де сенімен алыс-беріс жасайтын. Олар тауарларыңды зүбәржат, інжу-маржан, лағыл іспетті асыл тастар және күрең қызыл, кестелі не ақ бәтес маталар беріп, сатып алатын. 17 Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар,27:17 Миниттік: не бидай түрінің, не ол егіліп, өсіп шыққан жердің аты. Тәтті тағамдар, яки: панаг дәрісі. бал, зәйтүн майы және май дәрі27:17 Жар 43:11; Ерм 8:22. болатын. 18 Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық27:18 Дамаскіге жақын жер. шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын. 19 Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ27:19 Мыс 30:24; Жыр 44:9; Иш 43:24; Ерм 6:20. беретін. 20 Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын. 21 Сен Арабиямен және Қидардың27:21 Пат3 10:15; Иш 60:7. барлық әміршілерімен де саудаласып, олардан тоқты, қошқар, ешкі сатып алатынсың. 22 Сәба мен Рахаманың27:22 Пат3 10:1; Шеж1 1:9. саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін. 23 (Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары27:23 Жар 11:32; Амо 6:2 (Қална не Халне); Пат4 19:12; Амо 1:5. және Сәбаның, Ассур мен Хилмадтың саудагерлері де өзіңмен алыс-беріс жасайтын. 24 Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен27:24 Немесе: сандықтармен. сауда-саттық жасайтын.

25 Алып сауда кемелері27:25 Яки: Тарсис кемелері (Иш 2:16). тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды. 26 Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел»27:26 Бұл атау бабылдық Набуходоносорды астарлап білдірген шығар (17:10; 19:12). теңіздегі сені қиратпақ. 27 Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды. 28 Кеме басқарушыларыңның айқайынан тіпті жағалаудағы дала да сілкінбек. 29 Күллі ескекшілер де кемелерін тастап кетіп, теңізшілер мен кеме басқарушылары да жағада тұрып, 30 сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды,27:30 Ерм 6:26; Жүн 3:6.31 әрі сені жоқтап шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім27:31 Жар 37:34. киеді. Содан олар жүректері сыздап, зар еңіреп жылап, 32 сен үшін былай деп жоқтау айтатын болады:

— Теңіз ортасындағы Тир сияқты үні өшкен қала болды ма екен, сірә? 33 Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің. 34 Ал енді сен теңізде ойрандалып, тұңғиыққа шөгіп жоғалдың. Барлық тауарларың мен адамдарың өзіңмен бірге суға батып кетті. 35 Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан. 36 Басқа ұлттардың саудагерлері саған қарап мазақтап ысқырады. Себебі сен қорқынышты күйреуге ұшырап, бұдан былай еш болмайсың».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também