Pular para o conteúdo
Publicidade

Езекиел 19

Исраилдің билеушілері жайлы екі жоқтау

1 Енді Исраилдің билеушілері жайлы мына жоқтауды19:1 Сол заманда халық билеушісінің өліміне немесе өзінің құлдырауына қайғыру үшін не болмаса соны алдын ала білдіру үшін жоқтау (кей кезде сықақтап та) қолданылатын (2:10; Иш 14:4-21; Амо 5:1-3). айт:

2 Анаң арыстандардың ішіндегі

Қандай керемет арыстан еді!

Күшті арыстандар арасында жатып,

Ол абдандарын асырайтын еді.19:2 (Жар 49:8-9) Абдан: арыстанның күшігі.

3 Солардың бірін айрықша қып өсірді,

Сол қуатты арыстан болып өсті,

Аулаған олжасын жыртып паршалады,

Адамдарға да бас салып, жалмады.

4 Басқа ұлттар ол туралы естіді,

Торуылдап апандарына түсірді,

Шынжырлап19:4 Яки: Қармақтармен (19:9 да солай). Мысырға айдап әкетті.19:4 Пат4 23:34.

5 Анасы үмітінің ақталмағанын

Көріп, күткенінің іске аспағанын,

Күшті арыстан қып өсірді басқасын.

6 Арыстандармен бірге ол жортуылдады,

Нығайып, мықты арыстанға айналды,

Аулаған олжасын жыртып паршалады,

Адамдарға да бас салып, жалмады.

7 Ол солардың қамалдарын қиратты,19:7 Немесе: Олардың жесірлерін әйелдікке алды. (Сол замандағы әдетке сай жаңа патша бұрынғысының артында қалған әйелдерін алатын: Пат2 12:8; 16:21-22.)

Қалаларын ойрандап қаңыратты,

Зор даусымен бүкіл елді қалтыратты.

8 Халықтар сонда қарсы шықты оған,

Шабуылдады көрші аймақтардан,

Олар торларын жайды оған арнап,

Қолға түсті ол апандарына құлап.

9 Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,

Бабыл патшасының алдына әкелді.19:9 Шеж2 36:6.

Сосын зынданға салып күзетті,

Исраилдің тауларында содан бері

Ақырған дауысы еш естілмейді.

10 Су бойына орналасқан жүзімдіктегі19:10 Немесе: Сен үшін қан (сияқты қызыл шырын) беретін (Жар 49:11).

Жүзім бұтасына анаң ұқсас еді.

Сол бұта мол судан жемісті көп берді,

Бұтақтары жайқалып тұратын еді.

11 Бұтақтарының күшті болғаны сонша,

Лайықты билеуші асатаяғына.19:11 Жар 49:10-11.

Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады.

12 Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,

Жерге тасталды тамырымен жұлына,

Шығыстан соққан аңызақтан19:12 Бұл Набуходоносор мен оның әскерін астарлап білдіреді (17:10). қурады,

Бар жемістерінен бұта айырылды,

Күшті бұтақтары оның қурап қалды,

От оларды аяусыз құртып жалмады.

13 Сол бұта қазір жаңбырсыз шөл далада,

Қуарған сусыз мекен — иен далада.19:13 Яғни Бабыл елінде (20:35).

14 Оның үлкен бұтақтарының бірінен

От шығып, жалмап қойды жемісін барша.19:14 Пат4 24:20.

Билеушінің асатаяғы болуға

Лайықты күшті бұтақ қалмады онда.

Бұл — жоқтау жыры, ол жоқтау мәнерімен айтылсын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também