Pular para o conteúdo
Publicidade

Езекиел 2

Құдайдың Езекиелді қызметіне тағайындауы

1 Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты маған осылай көрінді. Мұны көре салысымен мен жерге етпетімнен жата кеттім. Сонда өзіме сөйлеп тұрған бір дауысты естідім. Ол: «Ей, пендем,2:1 Немесе: адам баласы. (Бұл жазбада 93 рет қолданылған осы қаратпа сөз Езекиелдің мәңгілік Құдай Тағала алдында тұрып, қызмет ететін өткінші пенде екеніне назар аудартады: Жыр 8:5.) орныңнан тұр! Мен саған тіл қатып, сөйлемекпін», — деді. 2 Сол дауыс сөйлей бастағанда, Рух2:2 Немесе: жел; яки Құдайдың лебі, Құдай Рухы (2:2; 3:12,24; Жар 1:2; 2:1). бойыма еніп, мені аяғыма тік тұрғызды. Мен Оның айтқан сөздерін мұқият тыңдадым.

3 Ол былай деді: «Ей, пендем, Мен сені Исраилдің үрім-бұтағына — Маған қарсы шыға беретін бас көтергіш халыққа жібермекшімін. Олардың өздері де, ата-бабалары да осы күнге дейін Маған қарсы бас көтеріп келеді. 4 Мен сені жіберетін халық тоңмойын қыңыр. Оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» деп жарияла! 5 Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық2:5 Яки: (Өзіме) бағынбайтын үрім-бұтақ (Пат1 15:23; Жыр 77:8,17,40,56; 105:7,43; Иш 63:10). емес пе? — әйтеуір, олар өздерінің араларында Құдайдың пайғамбарының бар екенін білетін болады.2:5 33:33.

6 Ал сен, уа, пендем, не олардың өздерінен де, не айтқан сөздерінен де қорқушы болма! Тіпті тікенді бұта мен ошағандар айналаңды қаптап, улы шаяндардың арасында тұрып жатсаң да, қорқушы болма!2:6 28:24; Мих 7:4. Бас көтергіш халық болғанымен, олардың не айтқан сөздерінен де қорықпа, не сұсты бет-әлпеттерінен де шошыма! 7 Тыңдаса да, тыңдамаса да, — олар әбден бас көтергіш қой, — бәрібір, оларға Менің сөздерімді жеткізетін бол! 8 Ал өзің, пендем, Менің саған айтатыныма құлақ сал! Анау бас көтергіш халық сияқты, сен де Маған бағынбай кетуші болма! Аузыңды ашып, өзіңе беретінімді же!»

Жаратқан Ие ұсынған шиыршық кітап

9 Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты2:9 3:1; Ерм 36:2. ұсынып тұр екен. 10 Жаңағы қол әлгі кітапты менің алдымда ашты. Оның екі жағына да жоқтау мен қайғы-қасіреттің сөздері жазылыпты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também