Pular para o conteúdo
Publicidade

Езекиел 11

Пайғамбардың Иерусалимнің зұлым жетекшілерін ескертуі

1 Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары11:1 22:27; Иш 1:10,23; Ош 5:10. Азур ұлы Язаниях11:1 Пат4 25:23. пен Бенаях ұлы Пелатияхты11:1 11:13. көрдім.

2 Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп: 3 «Үй салатын11:3 Немесе: үйлі болатын, яки: шаңырақ көтеретін (Нқл 24:27). уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр. 4 Сондықтан да оларға қарсы ашықтан-ашық пайғамбарлық сөз айтып бер, ей, пендем!»

5 Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін! 6 Сендер бұл қалада көп адамды өлтіріп, оның көшелерін өліктермен толтырдыңдар.

7 Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтамын: Сендер қаланың көшелерінде қалдырған сол өліктер ет іспетті, қала қазан сияқты болады.11:7 11:3,6; 24:3-13; Мих 3:2-3. Әйтсе де, Мен өздеріңді бұл қаладан қуып шығамын! 8 Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. 9 Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын. 10 Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. 11 Осы қала өздеріңе ешқандай қазан іспетті болмайды, сендер де оның ішіндегі ет іспетті аман қалмайсыңдар! Қайта, Мен сендерді Исраилдің шекараларына дейін қуып жазалаймын. 12 Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар».

13 Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ11:13 Яки: Мен осы пайғамбарлық сөздерді айтып тұрған кезімде-ақ. Бенаях ұлы Пелатиях лезде қайтыс болды.11:13 Петалиях есімі — «Жаратқан Ие босатады», ал Бенаях — «Жаратқан Ие салып тұрғызды» дегенді білдіреді. Сондықтан осы адамның істегені де (11:1-3), онымен болған жайт та күткенімізден керісінше. Сонда мен жерге етпетімнен жата кеттім де:

— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Исраилдің тірі қалғандарын түгелдей құртпақсың ба? — деп дауыстап жібердім.

Жаратқан Иенің кейін қайтып келуі туралы уәдесі

14 Сол кезде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:

15 — Ей, пендем, Иерусалимнің тұрғындары өзіңмен бірге жер аударылған елдестерің және бүкіл Исраил халқы туралы былай деп жүр: «Жаратқан Иеден аулақ кетіңдерші! Енді бұл ел бізге мұралық меншікке берілді!»11:15 Олар жер аударылғандар Исраилдегі мұралық меншіктерінен біржола ада болды, әрі олардың Жаратқан Иеге енді қайтып ғибадат етуге құқығы болмайды деп ойлайтын (Пат3 9:7; Ерм 23:39; Жыр 119:5).

16 Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.11:16 Немесе: азғана уақыт бойы Мен Өзім олар үшін барған жақтарында табынатын киелі үй боламын.

17 Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын. 18 Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады. 19 Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын.11:19 18:31; 36:26; Заң 30:6-8; Ерм 32:39-40. Көкіректерінен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын. 20 Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады.11:20 11:12; Жыр 118:4-5,32. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын.11:20 14:11; 37:27; Жар 17:7-8; Мыс 6:7; 19:5-6; Ерм 7:23; 32:38.

21 Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.

Құдайдың салтанатының қаланы тастап кетуі

22 Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды. 23 Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады.

24 Кейін Рух мені көтеріп алып, Бабылға жер аударылғандарға қайта алып келді.11:24 8:3; 11:1; 37:1. Осылайша Құдайдың Киелі Рухы маған (Иерусалимге барып келу жайлы) көрсеткен көрініс11:24 (1:1; 8:3; 43:3) Яки: көрсеткен аян. жоғары көтеріліп, қасымнан жоқ болып кетті. 25 Соңынан мен Жаратқан Иенің өзіме білдірген хабарларының бәрін де жер аударылған елдестеріме айтып бердім.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também