Опасыз халықты құртушылар туралы аян
1 Содан соң Жаратқан Иенің қатты дауыспен: «Қаланы жазалау міндеті тапсырылғандар әрқайсысы қолына қаруын алып, мұнда келсін!» — деп бұйырғанын естідім. 2 Сонда мен солтүстікке қарайтын Үстіңгі қақпа жақтан келе жатқан алты кісіні9:2 Яғни алты періштені (9:1; Пат2 24:15-16). көрдім. Әрқайсысының қолында қырып жоятын қаруы бар екен. Олармен бірге ақ бәтес9:2 Жіңішке иірілген ақ зығыр жіптен тоқылған асыл мата (Жар 41:42; Мыс 28:39). киім киіп, беліне жазу құралдарын байлап алған тағы біреу де келе жатты. Олар ғибадатхананың ауласына кіріп, қола құрбандық үстелінің жанына келіп тұрды.
3 Сол кезде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты өзі орналасқан керуб атты күзетші періштелердің үстінен9:3 Ежелгі киелі шатыр мен киелі үйдегі екі керуб мүсіні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағындағы «тағының» бейнесі болатын (Мыс 37:6-9; Пат3 6:23-28; Жыр 79:2; 98:1). көтерілді де, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Бұдан кейін Жаратқан Ие беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген қызметшісін алдына шақырып алды да, 4 оған былай деп бұйрық берді: «Бүкіл Иерусалим қаласын аралап шық та, онда жасалып жатқан жексұрын күнәларға бола ыңқылдай күрсініп қайғырған адамдардың маңдайына таңба сал!»9:4 Жыр 118:53,136; Иш 57:15,18.5 Мен осының бәрін тыңдап тұрғанда Жаратқан Ие жаңағы басқа қызметшілеріне былай деп әмір етті: «Мұның соңынан еріп, өздеріңе кездескен адамдардың бәрін қырып-жойып отырыңдар! Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеңдер! 6 Қарт болсын, жігіт пен қыз болсын, әйел мен бала болсын қыра беріңдер! Тек маңдайында таңбасы бар ешкімге тиіспеңдер!9:6 9:4. (Бұдан бір мыңдай жыл бұрын үйлерінің есік маңдайшаларына жағылған таңбалар Құдайдың халқын қатаң жазадан құтқарып қалған болатын: Мыс 12:7,13.) Менің киелі үйімнен бастап солай істеңдер!» Сонда олар өздеріне тапсырылған істі киелі үйдің алдында тұрған ақсақалдардан бастады.
7 Жаратқан Ие оларға тағы: «Киелі үйді арамдаңдар! Барлық аулаларын өліктермен толтырыңдар! Барыңдар!» — деген бұйрық берді. Олар барып, қаладағы адамдарды қыра бастады.
8 Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым. 9 Ол маған былай деп жауап берді:
— Исраил мен Яһуданың кінәсі алапат зор! Бүкіл елде қан төгілген, қала да әділетсіздікке толған. Олар «Жаратқан Ие біздің елді тастап кетті! Жаратқан Ие бізді көрмейді!» деседі.9:9 8:12.10 Сондықтан Мен оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Істеген істеріне лайықты жазаны олардың бастарына түсіремін!
11 Сонда беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген періште9:11 9:1-3. қайтып келді де: «Бұйрығыңыз толығымен орындалды!» — деп (Жаратқан Иеге) баяндады.