Менмен дұшпан қаралағанда Құдайға сенім арту
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры. 2 Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)51:2 Пат1 21:7; 22:9.
3 Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың,
Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын.
Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.
4 Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің,
Өтірікті айтуға шеберсің өзің,
5 Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан,
Алдауды да ақиқатты айтудан.
6 Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын
Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
7 Содан да Құдай сені мәңгі құртады,
Үйіңнен күшпен қуып шығарады,
Тірілер арасынан аластатады.
8 Әділдер мұны көріп қайран қалады,
Былай деп келекелейді сол арамды:
9 «Міне, Құдайды паналамаған жан,
Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,
Зұлымдықпен одан бетер нығайған».
10 Ал мен Құдайдың киелі үйінің
Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,51:10 Зәйтүн ағаштары жүздеген жылдар бойы жасап, жұрт жемістерінен нәрлі майын сығып алады (Мыс 27:20; Ерм 11:16; Ош 14:6).
Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.
11 Уа, Ием, Сені игі істерің үшін
Халқыңның алдында дәріптеймін,
Ізгі мейіріміңе сүйенемін.51:11 Яки: Сені істегенің үшін дәріптеп, Өзіңе бағышталған адамдарыңның алдында ізгі есіміңе үмітімді артамын.