Pular para o conteúdo
Publicidade

Әйүп 12

Әйүптің мазаққа қалғанына ренжіп, өзін ақтауға ұмтылуы

1 Сонда Әйүп жауап беріп былай деді:

2 — Шынымен де нағыз данышпансыңдар-ау! Сендер өлгенде даналық атаулы қалмас, сірә? 3 Бірақ менде де өздеріңдікіндей ақыл-сана бар, сендерден кем емеспін. Осы айтқан нәрселеріңді кім білмейді?

4 Мен достарымның мазағына айналдым. Құдайға сиынатынмын және Ол маған жауап беретін. Әділ де кінәратсыз болып келемін, әйтсе де күлкіге қалып отырмын. 5 Тоқмейілсігендер бақытсыздыққа ұшырағандарға немқұрайды қарап, аяқтары тайғандарын тіпті итеріп те жібереді.12:5 Немесе: немқұрайды қарап, өздеріне де сол керек деп табалайды.6 Халықты құртушылардың мекенінде әлі де тыныштық. Олар Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ Ол соларды Өзінің құдіретті қолында ұстайды.12:6 Немесе: Олар қолдарына ұстап жүрген алақандай тәңірсымағымен Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ (әзірше) аман-есен жүр екен.

Құдайдың өз еркін іске асыратынын жаратылыстан үйренуге болады

7 Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді. 8 Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді.12:8 Жыр 8:1; 18:2; 88:12; Жар 1:1,9-10,20-25.9 Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын12:9 (Иш 41:20; 51:9; Ерм 32:17) Немесе: Жаратқан Иенің осы азабымды Өзінің құдіретті қолымен істегенін. білмейді екен? 10 Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында.

11 Адам тамақтың ащы-тұщылығын тілімен ажыратқандай, сөздерді құлағымен сараламай ма?12:11 6:6; 34:3.12 «Даналық қарияларда, парасат көп жасағандарда» дейді.

13 Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде. 14 Құдай құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды. Ол тұтқындаса, ешкім босата алмайды. 15 Егер Тәңір жаңбыр жібермей қойса, жер беті құрғап, қуаңшылық жайлайды, ал егер еркіне қоя берсе, бүкіл жерді су басады.12:15 28:25-26; Пат3 8:35; 17:1; Жар 7:11-12,17-20.16 Күш-қуат пен жеңіс те Оның қолында, алданған да, алдаушы да Оның көз алдында. 17 Құдай кеңесшілерді ақылынан айырады,12:17 Немесе: кеңесшілерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді (12:19). билерді де ақымаққа айналдырады. 18 Ол патшалардың сәнді белдігін12:18 Немесе: патшалардың (тұтқындарға салған) шынжырларын. босатады, белдеріне құл іспетті мата байлатады. 19 Тәңір жауға діни қызметкерлерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді, билік иелерінің астан-кестенін шығарады.12:19 24:22; 34:24-28; Ерм 29:1; 49:3; Жоқт 1:4; 4:13,16.20 Ол сенімге ие болған ақылшыларды тілден айырады, ақсақалдарды парасаттан ада қылады. 21 Ол атақтыларды қор қылады, мықтыларды қаруынан айырады.12:21 Яки: мықтылардың белбеуін шешіп тастайды.22 Құдай қараңғыда жасырынған ой-ниеттерді ашады, қара түнекті жарыққа шығарады. 23 Ол халықтарды ұлы қылып, кейін құртады, олардың жерін кеңейтіп, кейін адамдарын ыдыратып жібереді. 24 Тәңір елдің басшыларын ақылдан жұрдай қылады, жолсыз құла түзді кездіріп қояды.12:24 Жыр 106:40.25 Олар жарығы жоқ түнекте сипалап жүреді. Тәңір оларды мас адамдай теңселтіп қояды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também