Pular para o conteúdo
Publicidade

Әйүп 35

Еліхудің Әйүптің өз-өзін ақтауын сынауы

1 Еліху сөзін жалғастырып былай деді:

2 — «Құдайдың алдында әділмін!»35:2 (27:2,6) Немесе: «Құдайдан да әділмін!» деп тұрғаныңызды дұрыс деп ойлайсыз ба? 3 Алайда: «Маған келіп-кетер не бар? Күнә жасамасам, маған қандай пайда болмақ?» деп те сұрайсыз.35:3 9:30-31; 21:14-15; 34:9.

4 Өзіңізге және достарыңызға мынадай жауап бергім келеді: 5 Аспанға көз жүгіртіп, қараңызшы! Өзіңізден жоғары тұрған бұлттарға назар аударыңызшы! 6 Күнә жасасаңыз, соныңызбен Құдайға не істейсіз? Күнәларыңыз тіпті көбейіп кетсе, Оған қандай әсер етесіз? 7 Ал егер әділ болсаңыз, Оған бұныңыздан қандай пайда? Яки Оған беретін сыйлығыңыз қандай? 8 Жоқ, зұлым болсаңыз, зиянын көретін өзіңіз сияқты бір пенде, ал әділ болсаңыз, пайдасын да бір адам баласы көреді.

9 Адамдар езгінің астында көмек сұрап жалбарынады. Олар мықтының қолынан құтқарылуларын жалына өтінеді.35:9 Мыс 35:9.10 Бірақ ешкім де былай деп сұрамайды: «Түнде мадақтау жырларын айтуға мұрша беретін Жаратушым Құдай қайда екен?»35:10 8:21; Жыр 41:9; 76:7; 99:1-4; 118:62; 132:1-2; 149:3-5.11 Ол бізге жердегі хайуандарға қарағанда көбірек нәрсені үйреткен, бізді әуедегі құстардан ақылдырақ етіп жаратқан.35:11 36:22; 12:7-10; Ерм 32:33.12 Сондықтан да Құдай адамдар жалбарынғанда жауап бермейді, өйткені олар сондай зұлым әрі өркөкірек. 13 Ал «Құдай соған құлақ аспайды, құдіреті шексіз Тәңір еш көңіл бөлмейді»35:13 Немесе: Ал Құдай (құр бос айқайға) құлақ аспайды, құдіреті шексіз (Тәңір Ие) оған еш көңіл бөлмейді (27:8-10; Нқл 15:29; Иш 1:15; Мих 3:4). десек, бұл шындық емес. 14 Тіпті сіз: «Оны көріп тұрған жоқпын» десеңіз де, бәрібір ісіңіз Құдайдың алдында жатыр. Енді Оны күте тұрыңыз!35:14 9:11; 23:8-9; 31:35; Жыр 41:6,12.15 «Ол күнәкарға қаһарланып, тиісті жазасын тартқызған емес. Зұлымдыққа еш көңіл бөлмейді!» деп те айтасыз.35:15 9:24; Жыр 9:32.

16 Осылай Әйүп ағаның аузынан құр мәнсіз әңгіме шығады. Байыбына бармастан көп сөз айтады.35:16 34:35; 38:2.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também