9 Әйелі оған:
— Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап,2:9 1:11; 2:5,10. (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты. 10 Бірақ Әйүп:
— Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.2:10 42:7.