Pular para o conteúdo
Publicidade

Әйүп 25

Билдадтың Әйүпті Құдайды терең қастерлеуге шақыруы

1 Шуахтық Билдад Әйүпке қарсылық білдіріп былай деді:

2 — Құдайда билік бар, барша жұрт Оны терең қастерлеуі керек. Ол көктің биігінде тәртіп орнатады. 3 Оның көктегі періштелер топтарын25:3 Немесе: аспандағы жұлдыздар топтарын (19:12). кім санай алар еді? Ол өз жарығын кімнің үстіне түсірмейді? 4 Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді? 5 Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес! 6 Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты.25:4-6 4:17-19; 15:14-16.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também