Pular para o conteúdo
Publicidade

Әйүп 28

12 Ал даналықты қайдан табуға болады?

Шынайы парасат қай жерде тұрады?

13 Оның құнын пенде жете ұқпайды,

Бұ дүниеден оны таба алмайды.

14 Терең тұңғиық: «Ол менде емес!» дейді,

Теңіз де: «Менде ол жоқ!» деп мәлімдейді.

15 Саф алтынға оны сатып ала алмайсың,

Құнын күміспен төлей де алмайсың.

16 Не Опырдан әкелінген алтынменен,

Не оникс тас, не көк асыл таспенен28:16 Опыр: 22:24; оникс: Жар 2:12; Мыс 25:7; көк асыл тас; яки сапфир: 28:6.

Оның бағасын айқындай алмайсың сен.

17 Даналықты алтын, гауһармен салыстырмас,

Саф алтын бұйымға оны сатып ала алмас.

18 Інжу-маржанды ескермей-ақ қойса болады,

Даналық лағыл тастардан28:18 Інжу-маржан: Нқл 31:10; лағыл тас: Иш 54:12. да тым бағалы!

19 Құштық топазды даналықпен салыстырмайды,28:19 Құш: Шеж2 12:3; 16:8; топаз: Мыс 28:17.

Саф алтынмен оны айырбастамайды.

20 Сонда даналық қайдан келеді екен?

Парасаттың мекені қайда екен?

21 Ол тірі жандының бәрінен жасырынған,

Құстардың назарынан да тыс қалған.

22 О дүние мен өлім былай дер ол жайлы:

«Тек сыбыс қана естідік сол туралы».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também