Pular para o conteúdo
Publicidade

Әйүп 42

Жаратқан Иенің Әйүпті қайтадан молынан жарылқауы

10 Әйүп достары үшін сиынғаннан кейін, Жаратқан Ие оның хал-жағдайын қайтадан қалпына келтірді. Тіпті оған мал-мүлікті бұрынғысынан екі есе мол қылып берді. 11 Әйүптің аға-інілері, апа-қарындастары және таныс-жақындарының бәрі үйіне келіп, дәм татып қонақ болды. Олардың барлығы Жаратқан Иенің Әйүптің басына салған азабы мен қиындығы үшін оған жұбаныш айтып, әрқайсысы бір-бір күміс теңге мен алтын жүзіктен сыйлады.

12 Жаратқан Ие Әйүптің өмірінің соңғы кезеңін алдыңғысынан бетер молынан жарылқады. Оның енді он төрт мың қой-ешкісі, алты мың түйесі, бір мың жұп өгізі мен бір мың есегі болды.42:12 1:3,10.13 Әйүп тағы да жеті ұл мен үш қызға әке болды.42:13 1:2.14 Бірінші қызына Емима, екіншісіне Кесия, үшіншісіне Керен-Хапух деген ат қойды.42:14 Елима — көгершін, Кесия — дәмқабық, Керен-Хапух — сүрме құтысы дегенді білдіреді. (Сүрмені қыз-келіншектер көздерін бояуға қолданатын: Ерм 4:30.)15 Бүкіл елде Әйүптің қыздарындай сұлу әйел заты болмады. Әйүп оларға еншіні аға-інілерінікімен бірдей етіп бөліп берді.42:15 Ежелгі Исраилде адамның ұлдары болса, онда солар ғана енші мен мұраны алатын еді (Рул 27:8-11). Әйүп қыздарына ерекше жақсылық жасағысы келген сияқты.

16 Бұдан кейін Әйүп тағы жүз қырық жыл өмір сүріп, шөбере-шөпшектерінің қызығын көрді. 17 Осылай Әйүп мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында дүниеден өтті.42:17 Жар 15:15; 25:7-8; 35:29.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também