Әйүптің Құдаймен пікірталасудың бекерлігіне шағымдануы
1 Әйүп бұған былай деп жауап қатты:
2 — Рас, бұның солай екенін өзім де білемін. Бірақ Құдайдың алдында пенде қалайша ақтала алар еді?9:2 Яки: қалайша әділ бола алар еді? (4:17; 6:29-30)3 Тіпті Онымен пікірталасқа біреу шықса да, Құдайдың қойған мың сұрағының біреуіне де жауап бере алмас еді.
4 Тәңір Иенің даналығы терең, құдіреті ғаламат зор. Оған қарсы шығып, содан аман қалған кім бар?