Pular para o conteúdo
Publicidade

Жүніс 3

Ниневи халқының теріс жолдан қайтып, кешірілуі

5 Қала халқы Құдайдың хабарына сенді. Олар (күнәларына өкініп) ораза жариялап, үлкен-кіші барлық адамдар азалы киім3:5 Яки: ешкі не түйе жүнінен тоқылған қарапайым киім (Жар 37:34). киді.

6 Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды.3:6 Күлге отыру да қайғырудың белгісі болатын (Ест 4:1,3; Әйүп 2:8).7 Содан ол Ниневи халқына патша мен оның уәзірлерінің атынан мына әмірін жариялатты:

«Күллі халық ораза тұтсын! Барлық адамдар мен жануарлар, ірілі-ұсақты малдар азық пен сусыннан ауыз тимесін! 8 Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып,3:8 (Иш 55:6-7; Езк 18:23) Яки: жаман мінез-құлықтарынан бас тартып. қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын! 9 Мүмкін, сонда Құдай райынан қайтып, аяушылық танытып, қаһарын басар. Осылай біз пәледен аман қалармыз!»

10 Құдай олардың істегендерін көріп, зұлым жолдарынан қайтқандарына көз жеткізді. Содан Ол халыққа аяушылық танытып, бәрін құртамын деген райынан қайтты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Jonas
Ver todos os capítulos de Jonas