Жаратқан Иенің Жаңа Келісім жасау жайлы уәдесі
31 Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді. 32 Бұл Келісім Менің олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені Мен оларды әйелін қатты сүйген күйеуі іспетті жақсы көрсем де, олар сол Келісіміме адал болмады, — дейді Жаратқан Ие. — 33 Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді31:33 Яки: өз заңымды. (Яғни Келісімнің ережелері мен мән-мағынасын: Жыр 39:9; 118:29). олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын.31:33 24:7; Заң 30:6; Жыр 36:31; 39:9; Иш 51:7; Езк 11:19. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. 34 Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.