4 Жердің түп негізін орнатқанымда сен қайда жүрдің? Білгіш болсаң, түсіндірші! 5 Үстінен жіп тартып, оның өлшемдерін орнатқан кім? Сен бұларды білесің ғой. 6 Дүниенің негіздері ненің үстіне орнатылды, оның іргетасын қалаған кім болды? 7 Сол кезде таңғы жұлдыздар38:7 9:7,9; 38:31; Амо 5:8. бірге әндетіп, Құдайдың бүкіл нөкерлері38:7 Яки: Құдайдың барлық періштелері. Немесе: Құдайдың барлық рухани ұлдары (1:6). қуана ән салып жатты.
8 Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? 9 Сол кезде Мен теңізге бұлттарды киім, қара түнекті жөргек еттім, 10 қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. 11 Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын.