28 Періште үйге кіріп, оған:
— Сәлем саған, Құдай жарылқаған жан, Жаратқан Ие саған жар!1:28 Немесе: Сәлем саған, Жаратқан Ие саған жар, әйелдердің арасында сен бақыттысың! (1:42) — деп тіл қатты. 29 Мәриям періштені көріп, оның айтқан сөздеріне селк етіп, бұл қандай сәлемдесу деп ойланып тұрып қалды. 30 Ал періште оған:
— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. 31 Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса1:31 Ешуа не Иесус деп те дыбысталатын осы есімнің мағынасы: «Жаратқан Ие — Құтқарушы» (1:68-69; 2:21,30-32; Мат 1:21; Рул 27:18). деп қоясың.