Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 12

Исаға Бетанияда көрсетілген құрмет

1 Құтқарылу мейрамынан алты күн бұрын Иса Бетанияға барды. Сол ауылда Өзі өлімнен қайта тірілтіп алған Елазар тұратын.12:1 11:38-44.2 Осы жерде Исаға арнап қонақасы берілді. Марта қызмет етті. Дастарқандас болғандардың ішінде Елазар да Исамен бірге отырды. 3 Ал Мәриям бір қадақтай12:3 Түпнұсқада: бір литра (327 г). таза, өте құнды иісмайға толы құтыны қолына алды. Осы иісмай нард деген өсімдіктен жасалған болатын. Мәриям оны Исаның аяқтарына құйып, оларды шашымен құрғатты. Үй ішінде майдың жұпар иісі аңқып кетті.12:3 Мәриям осы әрекетімен Исаны ерекше қастерлейтінін білдірді (12:7,8; Мар 14:6-9).

4 Исаның шәкірттерінің бірі, кейінірек Оған опасыздық жасаған Яһуда Исқариот:

5 — Неліктен осы иісмайды сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіріп бермеген? Оның бағасы бір жылдық жалақыға тең12:5 Түпнұсқада: оның құны үш жүз денарионға (күміс теңгеге) тең. емес пе?! — деп наразылық білдірді. 6 Бұл сөзді Яһуда мүсәпірлердің қамын ойлағандықтан емес, ұры болғандықтан айтты. Ортақ қаржы сақталатын әмиянды Яһуда ұстайтын, әрі түскен ақшаға қол сұғатын.

7 Иса оған қарсы шығып былай деді:

— Мәриямға тиме! Ол осыны істеуі арқылы Менің денемді қабірге қоятын күнгі май жағу салтын алдын ала орындады.12:7 (19:39-41; Лұқ 23:55-24:7) Яки: Ол иісмайды Менің қабірге қойылатын күнім үшін сақтаған еді.8 Мүсәпірлер әрдайым қастарыңда ғой, ал Мен ұдайы қастарыңда бола бермеймін.

9 Исаның Бетанияда екенін көптеген яһудилер біліп қойды. Олар Иса үшін ғана емес, Ол тірілтіп алған Елазарды көру үшін де бұл жерге келді. 10 Сондықтан басты діни қызметкерлер оны да өлтіру туралы ақылдасты. 11 Өйткені Елазардың басынан өткен кереметке бола яһудилердің көбі олардан бас тартып, Исаға сенім артты.

Исаның Иерусалимге бейбіт Патша ретінде кіруі

12 Келесі күні мейрамға жиналған халықтың үлкен тобы Исаның Иерусалимге келетінін естіп, 13 қолдарына пальма бұтақтарын ұстап, қала сыртына шықты. Оны:

«Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқанның атынан келе жатқан Исраилдің Патшасы жарылқанған!»12:13 Жыр 117:25-26; Түсіндірмедегі «Осаннаны» да қараңыз. — деп айқай салып қарсы алды.

14 Иса бір тайқар есекті12:14 Яки: жас есекті. тауып алдыртып, соған мінген еді. (Зәкәрия) пайғамбардың жазбасында бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: 15 Уа, Сион халқы, қорықпа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол тайқар есектің үстінде отыр.12:15 Исаның жас есекке мінгені Оның Зәкәрия пайғамбар алдын ала хабарлаған әділ әрі кішіпейіл патша екенін көрсетті (Зәк 9:9).

16 Шәкірттері бұны сол кезде түсінген жоқ. Дегенмен Иса қайта тіріліп, көкке көтеріліп, Өзінің ұлылығына ие болғанда, олар бұл сөздердің Иса туралы алдын ала жазылғанын және халықтың Оны осылай қарсы алғанын естеріне алды.12:16 12:33; Елш 2:33,36; 3:13; Лұқ 24:45.

17 Халық арасындағы көптеген адамдар Исаның Елазарды қабірден шақырып, өлімнен қайта тірілтіп алған кезінде Онымен бірге болған еді.12:17 11:43-45. Енді олар сол туралы куәлік етіп айтып жатты. 18 Осындай керемет жасағанын естіген жұрт сондықтан да Исаның алдынан шықты. 19 Ал парызшылдар өзара: «Көріп тұрсыңдар ғой, бұлай алға баспайсыңдар: жұрттың бәрі12:19 Немесе: (бүкіл) әлем (11:47-48). Оның соңынан еріп кетті!» — десті.

Исаның шетелдіктермен кездесіп, Өзінің құрбан болуы туралы алдын ала айтуы

20 Мейрам кезінде Құдайға ғибадат ету үшін Иерусалимге келгендердің ішінде бірнеше гректер12:20 Яки: Құдайды қастерлейтін, грекше сөйлейтін басқа ұлт адамдары (эллиндер) (7:35; Елш 11:20; 16:14). де бар еді. 21 Олар Ғалилея аймағындағы Бетсайдадан шыққан Філіпке12:21 Філіп пен Әндір (12:22) грекше сөйлейтін яһудилер еді (1:43,44). жақындап келіп: «Мырза, Исамен кездескіміз келеді», — деген тілек білдірді. 22 Філіп мұны Әндірге барып айтты, содан екеуі бұл хабарды Исаға жеткізді.

23 Иса оларға былай деп жауап берді:

— Көктен келген Менің ұлылыққа жететін уақытым келді.12:23 Яки: Көктен келген Билеушінің («Адам Ұлының») өмірін құрбан етіп, өлімнен тіріліп көкке көтерілетін уақыты таяп қалды (13:31-33).24 Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: егер бидайдың дәні жерге егіліп, жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады. Ал егер ол жерге егіліп, көктеп, өзі жойылса, сонда ғана одан көп өнім өсіп шығады.12:24 Осымен Иса көп адамдардың шынайы өмірге ие болулары үшін Өзінің құрбан болуға тиіс екенін білдірді (3:16).25 Кім өз өмірін бәрінен артық көрсе, сол шынайы өмірден құр қалады. Ал осы күнәкар дүниеде өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгілік өмір үшін сақтайды.12:25 Мат 10:39; Мар 8:35; Лұқ 9:24; 17:33; Аян 2:7,11; 3:5.26 Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады.12:26 Яки: Мен басымнан кешетін азапты Менің қызметшілерім де бастарынан өткізеді (Мат 10:22,24-25). Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.

27 Қазір көңілім қатты толқу үстінде. Мен не айтайын: «Әке, Мені осы күннен құтқара гөр» дейін бе? Қайта, бұл күнге осыны бастан кешіру үшін жеттім ғой. 28 Әке, өз атыңды ұлылыққа жеткізе гөр!12:28 Яки: Өзіңнің ұлылығыңды паш ете гөр! (13:31-32; 17:1,4; Аян 15:4) — Сонда көктен: «Мен оны ұлылыққа жеткіздім және бұдан былай да жеткізе беремін!» — деген үн естілді. 29 Сол жерде тыңдап тұрған халықтың ішінен кейбіреулері:

— Күн күркіреді, — десе, басқалары:

— Оған бір періште тіл қатқан шығар, — деді.

30 Иса оларға:

— Көктегі үн Мен үшін емес, сендер үшін естілді, — деді. 31 — Енді осы күнәкар дүние сотталады! Енді осы дүниенің әміршісі12:31 14:30; 16:11. қуылады! 32 Ал Мені жерден көтеріп қойғаннан кейін, адамдардың бәрін Өзім арқылы құтқарылуға шақырамын, — деді.12:32 Яғни айқышқа шегелеп іліп, көтеріп қойғаннан кейін (3:14; 8:28; 12:34; 6:44; Тім1 2:6).33 Бұл сөзді Иса Өзінің қандай жолмен өлуге тиіс екенін білдіру үшін айтты.

34 Жиналған жұрт Исадан:

— Киелі кітаптан біз «Мәсіх мәңгі өмір сүреді» деп үйрендік.12:34 Жыр 88:36-37; 109:1,4; Иш 9:6-7. Қалайша көктен келген Билеушіні12:34 Яки: «Адам Ұлын» (1:51). жерден көтеріп қою керек дейсіз? Сіз айтып тұрған «көктен келген Билеуші» кім? — деп сұрады. 35 Иса оларға былай деп жауап қайтарды:

— «Нұр»12:35 Яки: Құдайдың Нұры (Иса Мәсіх: 1:4-5,9-12; 3:19-21; 9:5). тағы біраз уақыт сендермен бірге болады. Өздеріңді қара түнектің баспауы үшін «Нұр» барда жүре беріңдер! Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді. 36 Қастарыңда «Нұр» барда Соған сеніңдер, сонда «Нұрдың адамдары» боласыңдар. — Иса осылай деді де, жұрт көзінен тасаланып кетіп қалды.

Исраилдіктердің сенбеушілігі, ал Исаның тағы да сенімге шақыруы

37 Иса олардың көз алдарында көп кереметтер жасаса да, көпшілік Оның Мәсіх екендігіне сенген жоқ.12:37 1:11; 15:24; Мат 11:20.38 Сонымен Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мынадай сөздері дәл келді: Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді?12:38 (Иш 53:1; 40:10-11; 51:5,9) Яки: Жаратқан Иенің құдіретті істері кімге ашылды?

39 Ишая пайғамбар тағы бір жерде көпшіліктің неліктен сене алмағандығы туралы мына тәрізді сөздер айтқан: 40 Ол көздерін соқыр, жүректерін қасарысқан сезімсіз қылған. Сол себептен көздері көрмейді, жүректері түсінбейді, өздері теріс жолдарынан қайтпайды. Әйтпесе оларды рухани дертінен сауықтырар едім.12:40 Иш 6:10.

41 Ишая пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын көргендіктен,12:41 Пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын аянда көрді. Сонымен қатар оған халықтың Исаны қабылдамай қасарысатыны және Исаның құрбандық өлімі мен қайта тірілуіндегі ұлылығы да мәлім болатын (Иш 6:1,3,10; 9:6; 52:13-53:12). Ол туралы осылай деп алдын ала айтып кеткен еді.

42 Ал Исраилдің басшы адамдарының көбі Исаға сенді, бірақ парызшылдар мәжілісханадан шығарып жібермесін деп Оны ашық мойындаған жоқ.12:42 12:11; 7:13; 9:22; 3:1-2.43 Себебі олар Құдай беретін құрметті емес, адамнан көретін құрметті көбірек ұнататын.12:43 5:44; 7:18.

44 Содан Иса дауыстап былай деді: «Маған сенген кісі Өзіме ғана емес, Мені Жібергенге де сенеді, 45 әрі Мені көрген кісі Мені Жібергенді де көреді.12:45 14:9-10.46 Мен дүниеге келген «Құдайдың Нұрымын». Маған сенімін артқан ешкім қара түнекте қалмайды.12:46 1:4,9; 8:12; 9:5; 12:35-36.

47 Кім хабарымды естіп, оны ұстанып сақтамаса, ондайды қазір соттап жатпаймын; Мен адамзатты соттау үшін емес, құтқару үшін дүниеге келдім.12:47 3:17-21.48 Бірақ Мені елемей, хабарымды қабылдамағандардың соты дайын тұр: Мен білдірген хабар оларды қиямет күні айыптайтын болады. 49 Себебі Мен өздігімнен айтқан жоқпын. Нені және қалай айтуға тиісті екенімді Мені жіберген Әкем Маған тапсырды. 50 Оның өсиетінің мәңгілік өмір сыйлайтынын білемін. Сондықтан Әкем Маған не тапсырған болса, соны айтамын».12:50 6:63,68; 8:28.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também