Pular para o conteúdo
Publicidade

Жохан 3

Нікөдемнің сұрағы: Құдайға қалай жақындауға болады?

1 Парызшылдар3:1 1:24; 7:32,45-52. арасында яһуди халқының Нікөдем есімді басшысы бар еді. 2 Ол Исаға түнде келіп:

— Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз. Себебі Сіз жасаған керемет істерді Құдайдың қолдауынсыз ешкім де орындай алмайды, — деді. 3 Иса:

— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды,3:3 Яғни адам Құдай беретін жаңа өмірді қабылдаса ғана, Құдайдың рухани баласы болып, Онымен қарым-қатынаста тұра алады (1:12-13; 3:5; 12:40; Лұқ 18:24-27). — деді. 4 Нікөдем:

— Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе? — деп сұрады. 5 Иса:

— Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса3:5 Яки: кімде-кім күнәсінен тазарып, Құдайдың Рухының ізгі іс-әрекетімен жаңа өмірді иеленбесе (1:12-13; 3:3; Елш 2:38; 22:16; Пет1 1:23,25; Тит 3:5). Құдайдың Патшалығын көре алмайды. 6 Тәннен — тән, Рухтан — рух туады. 7 Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба! 8 Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас,3:8 Киелі Рухтың адамның ішкі дүниесіндегі ізгі іс-әрекеті көрінбейді, оны алдын ала біле алмайсың, бірақ Киелі Рухтан туылған әркім оны сезеді (14:16-17; Қор1 2:14). — деді. 9 Нікөдем:

— Бұл қалай болады? — деп сұрағанда, 10 Исаның жауабы мынау болды:

— Исраилдің дін мұғалімі бола тұра, осыны білмейсің бе? 11 Саған өте маңызды шындықты айтайын: біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз,3:11 1:18; 3:13,32-34; 12:49; Мат 11:27. ал сендер айтқандарымызды қабыл алмайсыңдар.3:11 1:11; 3:32; 5:37-40; Мат 11:16-19.12 Мен сендерге жерде болып жатқандарды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрселер туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер?

13 Көктен келген Билеушіден3:13 Яки: Өзімнен. (Немесе: «Адам Ұлынан». Бұл атақ Иса Мәсіхтің Өзін білдіреді: Дан 7:13-14; Лұқ 19:10; 22:67-70; Түсіндірмені де қараңыз.) басқа ешкім көкке шыққан жоқ, (Ол — көкте тұрушы).3:13 Сондықтан көктегі рухани іс-әрекеттер туралы Исадан басқа ешкім айта алмайды (3:32; 5:19-20).14 Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс.3:14 Ежелде Құдай күнә жасаған Исраил халқына улы жыландар жіберіп жазасын тартқызды. Олар жалынған соң, Құдай Мұсаға мыстан (не қоладан) жылан мүсінін жасатып, бағанның басына бекіткізіп, жоғары көтертіп қойғызған. Соған қарағандарды Құдай өлімнен алып қалған (Рул 21:6-9). Енді біраздан кейін Иса айқыш ағашқа шегеленіп, көтеріліп қойылып құрбан болды. Оған сенімдерін артқандар тозақтан құтқарылады (3:15-16).15 Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады.

16 Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын3:16 1:14,18. құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей,3:16 3:18-19; 8:51; 10:28; Пет2 3:9; Сал2 2:10. мәңгілік өмірге ие болады.

17 Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.3:17 1:29; 6:40.18 Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. 19 Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді.3:19 1:4-5,9-12; 9:4-5; 12:35-36.

20 Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды. 21 Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады.

Жақия пайғамбардың Исаға жол беріп, құрмет көрсетуі

22 Бұдан кейін Иса шәкірттерімен Яһудея аймағына барды. Сонда біраз уақыт олармен бірге болып, теріс жолдан қайтқан кісілерді шомылдыру рәсімінен өткізді.3:22 4:1-2; Лұқ 3:3.23 Жақия пайғамбар да Сәлім қаласына жақын Енонда осы рәсімді орындап жүрді, өйткені ол жерде су мол еді. Көп адамдар оған келіп, рәсімнен өтті. 24 Сол кезде Жақия әлі де түрмеге жабылмаған болатын.3:24 Күнәсін ашып ескерткені үшін аймақ әкімі Ирод Антипас Жақия пайғамбарды кейін түрмеге жаптырды (Мат 4:12; 14:3; Лұқ 3:19-20).

25 Осы уақытта Жақияның шәкірттері мен өзге бір яһудидің арасында діни тазару салттары туралы айтыс туды. 26 Олар Жақияға келіп:

— Ұстаз, өткенде Иорданның арғы жағында сізбен бірге болған Адамға өзіңіз жақсы куәлік берген едіңіз. Ал енді Ол да шомылдыру рәсімін орындауда. Жұрттың бәрі Соған барып жатыр! — деді. 27 Жақияның жауабы мынау болды:

— Құдай бермесе, ешкім еш нәрсе ала алмайды. 28 «Мен Мәсіхтің Өзі емеспін, тек Оның алдынан жіберілген хабаршысы ғанамын» деп айтқаныма3:28 1:20,23,26-27. сендер өздерің куәсіңдер. 29 Қалыңдығы бар кісі — күйеу жігіт қой. Оны күтіп тұрған досы даусын естіп, қуанады. Қазір менің қуанышым қойныма сыймай тұр.3:29 Себебі адамдар Мәсіхтің сөзін тыңдап, Оның жолына түсуде. (Мұндағы қалыңдық — Мәсіхке сенушілерді, күйеу жігіт — Мәсіхті, ал досы — Жақия пайғамбардың өзін астарлап білдіреді: Мат 9:15; Еф 5:25,31-32.)30 Мәсіхтің беделі артуға, ал менікі төмендеуге тиіс.

31 Көктен келген Ол бәрінен де ұлы. Жерден пайда болған мен жердікімін, сондықтан жердің тұрғысынан сөйлеймін.3:31 Яғни табиғи жолмен туған мен жай бұ дүниелікпін, сондықтан жердің тілінде әрі соның көзқарасынан сөйлеймін (3:12; 16:28; Қор1 15:47-48). Көктен келген Мәсіх бәрінен де үстем! 32 Ол Өзінің көкте көріп, естігендеріне куәлік етеді.3:32 Яки: көкте көріп, естігендерін ашық айтады (3:13; 5:19-20). Алайда Оның шынайы хабарын көпшілік қабылдамайды. 33 Бірақ соны қабылдағандар Құдайдың Өзін шындық3:33 Яки: шыншыл (сенімді) (8:26; 17:3; Тит 1:2). деп мойындайды. 34 Құдай жіберген Мәсіх Оның хабарын жариялайды, өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді. 35 Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған. 36 Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também