Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 1

Арнау

1 Қадірлі Теофил! Көптеген адамдар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды1:1 (Жох 20:31; Елш 1:1-3) Яки: арамызда толық орындалған оқиғаларды. баяндауға кірісіп кетті.

2 Бұл үшін олар Ізгі хабарды уағыздаушылардың әуел бастан-ақ өз көздерімен көріп, бізге айтып жеткізгендеріне сүйенді. 3 Солардың бәрін басынан бастап ұқыпты зерттеп шыққандықтан, мен де оларды рет-ретімен жазып берсем игі болар еді деп ұйғардым. 4 Осылайша сіз өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізе аласыз.

Жақия пайғамбардың дүниеге келетіні туралы алдын ала білдіру

5 Яһудея елінің патшасы Иродтың1:5 Исраил елінің қатыгез билеушісі, шетелдік Едом ұлтынан шыққан Ирод І патша (Мат 2:3,7,12,16; Түсіндірмедегі «Ирод әулетін» де қараңыз). заманында діни қызметкерлердің Абиях тобында Зәкәрия есімді біреу бар болатын. Әйелі Елізабет Һарон1:5 Абиях тобы: діни қызметкерлердің киелі үйдегі міндеттерін кезекпен атқаратын топтарының бірі (Шеж1 24:1-4,10). Һарон: алғашқы бас діни қызметкер (Мыс 28:1; Леу 8:1-2). әулетінен еді. 6 Екеуі де Құдай алдында әділ жандар болып, Жаратқан Иенің1:6 Жаратқан Ие: Мыс 3:14-15; 20:2; Түсіндірмені де қараңыз. барлық өсиеттері мен ережелеріне сай мінсіз өмір сүріп жатты. 7 Бірақ Елізабет құрсақ көтермегендіктен, балалары болмады. Ал екеуінің жасы да ұлғайып қалған еді.

8 Бір күні Зәкәрия өз тобының кезегі келіп, (Иерусалимдегі ғибадатханада) Құдайға қызмет көрсетіп тұрды. 9 Сонда діни қызметкерлер дәстүр бойынша ортаға жеребе салып, өздері атқаратын міндеттердің ретін бөлісті. Содан Жаратқан Иенің киелі үйіне1:9 Яғни Иерусалим қаласындағы ғибадатханада (2:27,37,46; Түсіндірмені де қараңыз). кіріп, Оған арналған тарту ретінде жұпар шайыр түтету1:9 Мыс 30:1,6-8; 40:26-27; Шеж2 4:19; Түсіндірмедегі «Құрбандық үстелін» де қараңыз. міндеті Зәкәрияның үлесіне тиді. 10 Зәкәрия шайырды түтетіп жатқан уақытта қалың жамағат сыртта Құдайға сиынып мінажат етіп1:10 Яки: дұға етіп. тұрды.

11 Сол кезде Зәкәрияға Жаратқан Иенің бір періштесі1:11 Яки: Жаратқан Иенің (көктен жіберген) хабаршысы (Жар 16:7; Бил 6:11; 13:3,13-15,20; Түсіндірмені де қараңыз). көрініп, түтету үстелінің оң жағында тұра қалды. 12 Зәкәрия оны көргенде селк етіп, бойын қорқыныш билеп алды. 13 Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:

— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. 14 Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады. 15 Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады.1:15 Оның Құдайдың қызметіне ерекше бағышталуының белгісі (Рул 6:1-3; Бил 13:4; Түсіндірмедегі «Назир антын» да қараңыз). Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа1:15 Яғни Құдайдың Рухына (1:41,67; 2:25-26; Түсіндірмені де қараңыз). кенеледі. 16 Жақия исраилдіктердің көбін өздерінің Құдайы — Жаратқан Иеге қайтадан келтіреді. 17 Ілияс1:17 Ежелде Киелі Рухтың күшімен Исраил халқын теріс жолдан қайтып, Құдайға мойынсұнуға шақырған пайғамбар (Пат3 18:21-40; Мал 3:1; 4:5-6; Мат 17:9-13). пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. — 18 Алайда Зәкәрия періштеге жауап қайтарып:

— Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой, — деді. 19 Періште:

— Мен Құдайға қызмет етуші Жәбірейілмін.1:19 Яки: Құдай алдында тұратын (хабаршысы) Жәбірейілмін (1:11; Дан 8:16; 9:21). Ол мені саған осы ізгі хабарды жеткізуге жіберді. 20 Ал сен мезгілінде орындалатын сөздеріме сенбегендіктен, олар жүзеге асатын күнге дейін сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың, — деді.

21 Осы екі арада жамағат1:21 1:10. Зәкәрияның киелі үйде кідіріп қалғанына таңданып, тосып тұрған еді. 22 Ол сыртқа шыққанда, оларға сөйлей алмай қалды. Сонда жұрт оның киелі үйде аян көргенін ұқты. Себебі Зәкәрия оларға ыммен белгі беріп, мылқау күйінде қала берді.

23 Өзінің киелі үйдегі қызмет атқару күндері біткеннен кейін Зәкәрия үйіне қайтты.

24 Бұдан соң әйелі Елізабет құрсақ көтеріп, бес ай бойы жұрт көзінен тасаланып жүрді. 25 «Жаратқан Ие бұл күндері маған назар аударып, мені адамдар арасында ұятқа қалдырмау үшін осылай жарылқады!» — деп Елізабет Тәңір Иеге ризашылығын білдірді.

Құтқарушымыз Исаның дүниеге келетіні туралы алдын ала білдіру

26 Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді. 27 Қыздың есімі Мәриям болатын, ол (Исраил елінің ежелгі патшасы) Дәуіттің әулетінен1:27 1:32,33; 2:4; Шеж1 11:3; 17:10,14-15; Түсіндірмедегі «Дәуіттің Ұрпағын» да қараңыз. шыққан Жүсіп есімді жігітке айттырылып қойылған еді. 28 Періште үйге кіріп, оған:

— Сәлем саған, Құдай жарылқаған жан, Жаратқан Ие саған жар!1:28 Немесе: Сәлем саған, Жаратқан Ие саған жар, әйелдердің арасында сен бақыттысың! (1:42) — деп тіл қатты. 29 Мәриям періштені көріп, оның айтқан сөздеріне селк етіп, бұл қандай сәлемдесу деп ойланып тұрып қалды. 30 Ал періште оған:

— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. 31 Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса1:31 Ешуа не Иесус деп те дыбысталатын осы есімнің мағынасы: «Жаратқан Ие — Құтқарушы» (1:68-69; 2:21,30-32; Мат 1:21; Рул 27:18). деп қоясың. 32 Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың1:32 Тағала: Құдайдың бәрінен де жоғары екендігін білдіретін атағы (Түсіндірмедегі «Алла Тағаланы» да қараңыз). рухани Ұлы1:32 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасында мәңгі болып келген ерекше рухани байланысты бейнелейді (1:35; 2:9-11; Иш 7:14; 9:6-7; Жох 1:1-3,14; Қол 1:15-16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. 33 Иса Жақыптың1:33 Жақып Исраил елінің түп атасы, ал Дәуіт оның ежелгі күшті патшасы әрі пайғамбар болатын (1:27; 3:32,34; Жар 45:1-3,8; Пат2 7:16). үрім-бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді. 34 Сонда Мәриям:

— Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой! — деп сұрады. 35 Періште оған былай деп жауап берді:

— Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады.1:35 Яки: Құдай Тағаланың құдіреті саған көлеңкесін түсіреді. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы»1:35 1:31-32; 3:22. деп аталмақ. 36 Бұрын құрсақ көтермейді деп саналған жақын апайың Елізабет те қартайған шағында ұлды болмақ. Алты айдан бері оның аяғы ауыр. 37 Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! — 38 Сонда Мәриям:

— Мен Жаратқан Иенің күңімін; айтқаныңыз болсын! — деді. Бұдан кейін періште оның қасынан ғайып болды.

Елізабет пен Мәриямның Құдайды мадақтауы

39 Сол күндері Мәриям жолға жиналып, Яһуда руының таулы өңіріндегі бір қалаға жедел жүріп кетті. 40 Сонда ол Зәкәрияның үйіне түсіп, Елізабетпен амандасты. 41 Елізабет Мәриямның берген сәлемін естігенде, ішіндегі нәрестесі тыпырлап кетті. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп, 42 қатты дауыстап былай деді:

— Құдай әйелдердің арасында сені жарылқаған, құрсағыңдағы Нәрестені де жарылқаған! 43 Иемнің шешесі маған келетіндей мен соншама кім едім? 44 Көрдің бе, сәлем берген даусың құлағыма жеткенде, ішімдегі балам қуанып, тыпырлап қоя берді! 45 Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!

46 Сонда Мәриям былай деді:

— Жан дүнием Иемді мадақтайды,

47 Құтқарушым Құдайға қуанады:

48 Күңінің қарапайым жағдайына1:48 Яки: Күңінің кішіпейілділігіне.

Құдай рақыммен назар аударады.

Күллі ұрпақтар мені бұдан былай

«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:

49 Есімі киелі Құдіретті Құдай1:49 11:2.

Маған керемет ұлы істер жасайды!

50 Рақымы Өзін қастерлеушілердің

Ұрпағынан ұрпағына жалғасады;

51 Ол қолының құдіретін танытып,1:51 Яки: Құдіретті қолымен кереметтер істеп. (Қол сөзі бұл жерде астарлы мағынада қолданылған, себебі Құдай — Рух: Жох 4:24.)

Асқақ ниеттілерді шашыратады,

52 Билік иелерін тақтан құлатып,

Атақсыздарды жоғарылатады,

53 Ашыққандарды игілікке кенелтіп,

Байларды құр қол қайтарып қуады.

54 Тәңір өз қайырымын ескеріп,

Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:

55 Ежелгі ата-бабаларымызға,

Ыбырайым1:55 Аты Ибраһим деп те дыбысталатын пайғамбар Исраил және басқа да халықтардың түп атасы болды (Жар 12:1-3; 22:15-18; 25:1-23). мен оның ұрпақтарына,

Құдай осылай айтқан болатын да.

56 Мәриям үш айдай Елізабетпен бірге тұрғаннан кейін үйіне қайта оралды.

Жақия пайғамбардың дүниеге келуі

57 Елізабеттің босанатын уақыты жетіп, ұл тапты. 58 Көршілері мен туыстары Жаратқан Иенің оған қайырымдылық жасағанын естіп, қуанышына ортақтасты. 59 Сегізінші күні олар сәбиді сүндеттеуге1:59 2:21; Жар 17:9-12. келіп, оған Зәкәрия деп әкесінің атын қоймақшы болды. 60 Бірақ шешесі қарсылық білдіріп:

— Жоқ, оның есімі Жақия болады! — деді.1:60 1:14.61 Олар:

— Туысқандарыңыздың арасында сондай есімді ешкім жоқ еді ғой! — деп, 62 әкесінен ұлына қандай ат қойғысы келетінін ымдап сұрады. 63 Зәкәрия бір жазу тақтайшасын сұрап алып, «Оның есімі Жақия болады!» деп жазды. Бұған бәрі де таңғалысты.

64 Сол сәтте-ақ Зәкәрияға қайтадан тіл бітіп,1:64 1:20. Құдайды мадақтай бастады.

65 Ал төңірегінде тұрған халықтың барлығы үрейленіп қалды. Осы оқиғалар Яһудея елінің бүкіл таулы өңірінде әңгіме болды. 66 Естігендердің бәрі оларды көңілдеріне түйіп: «Бұл нәресте кім болар екен?» — десті. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Жақияны қолдап-қорғап жүрді.1:66 Яки: Жаратқан Ие құдіретті қолын созып, мейірімді шапағатымен Жақияны жарылқап, қолдап-қорғап жүрді (Жар 39:2; Езр 7:8,28; Елш 11:21).

Зәкәрияның мадақтау жыры әрі пайғамбарлық сөзі

67 Баланың әкесі Зәкәрия Құдайдың Киелі Рухына кенеліп, Оның хабарын жеткізіп1:67 Яки: Киелі Рухқа кенеліп, пайғамбарлық сөз айтып. былай деді:

68 «Исраилдің сиынатын Құдайы

Мадақталсын: оның Жаратқан Иесі!

Құдай таңдап алған халқына келеді,

Оны құтқарып алып азат етеді!

69 Құлы Дәуіттің әулетінен бізге

Мықты Құтқарушыны шығарады.1:69 Немесе: Құтқарушы мүйіз орнайды. (Яғни Құдай жақын арада Исраил еліне ежелгі патшасы Дәуіт пайғамбардың әулетінен бір күшті Құтқарушыны береді: 1:31-33).

70 Қасиетті пайғамбарларына1:70 Яғни Өзіне бағышталған пайғамбарларына. Ол ежелде

Бұларды алдын ала білдірткен еді,

71 Ондағы мақсаты — бар жауымыздан,

Бізді жек көретіндердің қолынан

Құтқарып алып азат ету біздерді.

72 Құдай арғы ата-бабаларымызға

Осылай шапағатын танытады,

Олармен жасаған Өзінің қасиетті

Келісімін енді есіне алады,1:72 Шеж1 16:15-17; Езк 16:59-60; Мих 7:19-20.

73 Түп атамыз Ыбырайымға Өзі

Берген антын есіне түсіреді.1:73 Жар 12:2-3; 22:15-18.

74 Бізге жаулардың қолынан құтылып,

Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп,

75 Жаратқан Иеміздің көз алдында

Қасиетті1:75 Яки: Өзіне бағышталған (Мыс 19:6). де әділ өмір сүруге

Мәңгі мүмкіндік беретін болады.

76 Балам, сен осылай Құдай Тағаланың

Пайғамбары деп аталатын боласың,

Дайындауға Иеміздің жүрер жолын:

77 Өзінің таңдаған халқын құтқарып,

Күнәсін кешіретінін хабарлап,

Оның алдынан жүретін боласың:

78 Мейірімді рақымымен Құдайымыздың

Шұғылалы Таң,1:78 Яғни Мәсіх Иса (2:30-32; Мат 4:15-16; Жох 1:1-18; Иш 9:2; 42:6; 49:6; 60:2). міне, атып келеді!

79 Ажал төндірген түнектегі біздерге

Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді,

Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді».1:79 Яки: Һәм бетімізді тыныштықтың жолына бағыттайды (2:14; 7:50; Жыр 33:15; Иш 11:6-9; 65:17-25).

80 Ал Жақия ержүрек, зейінді бала болып есейе берді.1:80 Немесе: есейіп, Киелі Рухтың құдіретіне кенелді (1:15; 2:40,52; Пат1 2:26). Исраил халқының алдына шыққанша,1:80 3:2-3; Мар 1:4. ол айдалада тұрды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também