2 Иса оларға былай деді:
— Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер:
Көктегі Әкеміз!
Сенің киелі есімің қастерлене берсін,
Патшалығың осында орнасын!11:2 Яки: Осы дүниеде ізгілікті билігің орнап, адамдар Саған мойынсұнсын! (4:43; 6:20; 9:27; 10:9)
(Сенің еркің көкте орындалғандай,
Жер бетінде де орындала берсін!)11:2 Мат 6:10.
3 Күнделікті нанымызды әр күні бере гөр.
4 Бізге күнә жасаған әркімді кешіргеніміздей,11:4 Немесе: Бізге борышты әркімді кешіргенімізден (Мат 18:35; Мар 11:25).
Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Азғырылуымызға жол бермей,
(Бізді жамандықтан сақтай гөр.11:4 Немесе: Бізді азғыратын сынаққа түсірмей, (әзәзіл шайтанның ықпалынан құтқара гөр) (Мат 6:13). Аумин.)