11 Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын. 12 Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:
— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп, 13 үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.