20 Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді. 21 Баласы оған:
— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді. 22 Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:
— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік,15:22 Мөрлі жүзік биліктің белгісі болатын (Жар 41:42; Дан 6:17). аяғына кебіс кигізіңдер! 23 Сосын бордақыланған15:23 Яки: арнайы семіртілген. өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік!