3 Сонда Иса оларға астарлап былай деді:
4 — Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме? 5 Оны тауып алған соң, қуана-қуана иығына салып алады. 6 Үйіне келгеннен кейін: «Жоғалған қойымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!» — деп достары мен көршілерін шақырады.
7 Сендерге шын айтамын: сол сияқты, «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ»15:7 Яки: әділсінген (5:32). кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!