Мәсіх дүниеге қайтып келгенде не болады?
20 Парызшылдар Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берді:
— Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын адамдар алдын ала білмейді.17:20 Немесе: Құдайдың Патшалығы көрінетін белгілермен келмейді.21 Сондай-ақ оны «Міне, мұнда!» не «Әне, анда!» деуге болмайды. Себебі Құдайдың Патшалығы сендердің жан дүниелеріңде,17:21 (Мат 23:26; Жох 18:36) Немесе: Құдай (Патшалыққа тағайындаған Мен арқылы) Оның Патшалығы сендердің араларыңда (17:23; 19:7-10,37-38; Жох 18:33-37; Елш 1:6-7). — деді.