Мәсіхтің салтанатпен Иерусалимге кіруі
28 Иса осыны айтып болған соң, шәкірттерін ертіп Иерусалим қаласына бет алып өрлеп жүріп кетті. 29 Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындағанда, Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, 30 оларға мынадай тапсырма берді:
— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер! 31 Егер біреу сендерден: «Бұны неге шешесіңдер?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер!
32 Жұмсаған екі шәкірті барып, Исаның айтқанын тауып алды. 33 Олар жас есектің шылбырын шешіп жатқанда, оның қожайындары:
— Тайқарды неге шешесіңдер? — деді. 34 Шәкірттер:
— Ол Мырзамызға керек, — деп жауап берді. 35 Олар жас есекті алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін оған Исаны мінгізді.
36 Иса ілгерілеген сайын кісілер жамылғыларын жолға жайып отырды.19:36 Бұл салтпен халық Исаны Құдай жіберген Құтқарушы Патша — Мәсіх деп құрметтеп қарсы алды (3:4-6).37 Осылай Иса жолдың Зәйтүн тауынан төмен түсетін жеріне жақындап қалды. Сонда күллі шәкірттері өздері көрген барлық құдіретті істері үшін зор қуанышпен қатты дауыстап Құдайды мадақтай бастады:
38 «Жаратқан Иенің атынан
Келе жатқан Патша жарылқанған!»19:38 Осындай сөздермен ежелде діни қызметкерлер Исраил халқының жеңімпаз патшаларын Иерусалимге қайта оралғанда қарсы алатын (Жыр 117:26).
«Көкте амандық пен тыныштық,
Заңғар аспанда Құдай мадақталсын!»19:38 2:14; Жыр 148:1.
39 Халық арасынан кейбір парызшылдар Исаға:
— Ұстаз, шәкірттеріңізге тыйым салыңыз! — деп наразылық білдірді.19:39 18:9-14; 23:2-3; Мат 21:15-16; Жох 11:47-48; 12:10,19.40 Ал Иса:
— Сендерге шын айтамын: егер олар үндемесе, онда тастар айқай салар еді,19:40 (3:8; 13:34-35; 19:43-44; 21:5-6; Абқ 2:11) Біраздан кейін, б.з. 70 ж., Иерусалим талқандалып, тастары шашылып, «айқайлап қайғырды» (19:44; 22:5-6). — деп жауап қайырды.