Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 2

25 Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген2:25 Яки: Құдайдың Исраилді жұбатып жаудың билігінен азат етуін күтіп келген (1:68; 2:38). әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын.2:25 1:35; Мыс 31:3; Бил 3:10; Пат1 10:6,10; 16:13; Пат2 23:2.26 «Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді.

27 Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде, 28 Шимон Оны қолына алып, Құдайды былай деп мадақтады:

29 «Уа, Әлемнің Әміршісі, сонымен Сен енді,

Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңді

Тыныштықпен о дүниеге аттандырасың.2:29 Демек, Сен алдын ала уәде еткендей өз пендең — Мені жақсылықпен қызметімнен босатасың.

30-32 Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың2:30-32 Немесе: Сен күллі ұлттар үшін жіберген Құтқарушың (Иш 49:6; 51:5-6; 52:10). —

Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,

Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын

«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»2:30-32 1:79; Иш 49:6.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também