34 Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.21:34 8:14; 12:40,45-46; Мат 24:41.35 Себебі сол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің21:35 17:24; 21:25-27; Мат 24:30. басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады. 36 Әрқашан сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Осылайша сендер алдағы осы апаттардан құтылуға әрі Билеуші ретінде көктен келген Менің алдымда тұра алуға рухани күш-қуат иемденіңдер».21:36 22:40; Еф 3:16; 6:13,18.
Publicidade