Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 22

Исаның Жоғарғы кеңес алдындағы адал куәлігі, ал Петірдің Исадан тануы

54 Олар Исаны тұтқынға алып, бас діни қызметкердің сарайына апарды. Петір соларға алыстан ілесіп отырды. 55 Сақшылар сарайдағы ішкі ауланың ортасына от жағып, айналдыра жайғасқанда, Петір де араларына барып отырды. 56 Бір қызметші қыз оның оттың жарығында отырғанын көрді. Оған қадала қарап:

— Мынау да Онымен бірге жүретін! — деді. 57 Ал Петір қызға:

— Жоқ, Оны білмеймін! — деп мойындамады. 58 Біраздан кейін тағы біреу оны көріп:

— Сен де солардың біреуісің! — деді. Бірақ Петір оған:

— Жоқ, олай емеспін! — деп жауап қатты. 59 Бір сағаттай уақыт өткен соң тағы бір адам:

— Шынымен бұл да Оның қасында жүретін, өзі ғалилеялық қой! — деп нықтап айтты. 60 Алайда Петір сол кісіге:

— Не деп тұрғаныңды білмеймін! — деп жауап қайтарды. Ол осыны айтып тұрған сәтте-ақ әтеш шақырды. 61 Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі22:61 22:34. түсті. 62 Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também