Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 7

24 Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:

— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!) 25 Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім7:25 Яки: Жұмсақ киім. (Жақия пайғамбардың киімі өте қарапайым болатын: Мат 3:4.) киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім киіп, молшылықта өмір сүріп жатқандар патша сарайларында тұрады ғой. 26 Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! 27 Киелі жазбада Құдайдың мынадай сөздері бар: Біліп ал, Мен алдыңнан хабаршымды жіберемін. Ол жүретін жолыңды дайындап қояды.7:27 Құдайдың хабаршысы Жақия пайғамбар Исраил елін Мәсіхтің келуіне дайындады (3:15-18; Мал 3:1). Мұндағы хабаршы — Жақия. 28 Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақиядан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдайдың Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен.7:28 10:24; Евр 11:39-40; Жох 1:12.

29 Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын. 30 Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады.7:30 16:13-15; Мат 3:5-10; 21:31-32,45.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também