Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 8

27 Жағаға шығысымен-ақ Исаға сол қалалық бір кісі кездесе кетті. Жын соққан осы адам көп уақыттан бері киім-кешек кимей, үйде емес, қабірге арналған үңгірлерде тұрып жүрген болатын. 28 Ол Исаны көрген бойда айқай сала аяғына жығылды да, қатты дауыстап:

— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса,8:28 1:32,35; Жар 14:18-20. менде нең бар? Саған жалынамын: азаптай көрмеші мені! — деп жалынды. 29 Себебі Иса жынға: «Шық бұл кісіден!» — деп бұйырған болатын. Жын сол адамды көптен бері қинап келген еді. Жұрт оны шынжырлармен, кісендермен бұғаулап тастаса да, ол бұғауларын үзіп, жын айдап елсіз далаға кететін еді.

30 Иса одан:

— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:

— «Үлкен топ»,8:30 Түпнұсқада: «легион». (Алты мыңдай адамы бар римдік әскер бөлімінің осы атауы бұл жерде өте көп жындардың сол адамға үстемдік етіп, билік жүргізгенін көрсетеді.) — деді. Себебі сол адамға көптеген жындар кіріп алған болатын. 31 Олар Исадан: «Бізге тұңғиық шыңырауға түсуге бұйыра көрме», — деп өтінді.

32 Осы жердегі қырат беткейінде үлкен бір топ шошқа8:32 15:15; Леу 11:7. жайылып жүрген болатын. Жындар соларға енуге рұқсат сұрады. Иса жол берген соң, 33 жындар кісіден шығып, әлгі хайуандарға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.

34 Мұны көріп тұрған бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. 35 Халық соны көру үшін жолға шығып, Исаға келді. Олар жындары шыққан кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, Исаның аяқ жағында отырғанын көргенде қорқып кетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também