38 Сол сәтте халықтың арасынан біреу дауыстап былай деді:
— Ұстаз, Сізден өтінемін: менің ұлыма назар аудара көріңіз! Ол — жалғыз балам. 39 Жыны ұстағанда, ол кенеттен шыңғырып жібереді. Жын баланы қалшылдатып, аузынан көбігін ағызады; одан зорға дегенде кетіп, оны қатты азаптайды. 40 Шәкірттеріңізден жынды шығарып тастаңдар деп өтінген едім, бірақ қолдарынан келмеді. — 41 Сонда Иса:
— Ей, сенбейтін, шындық жолынан тайған ұрпақ-ай!9:41 17:6; Мат 17:17,20; Мар 9:29; 11:23-25. Қанша уақыт қастарыңда болып, сендерге төзбекпін?! Кәне, ұлыңды мұнда әкел! — деп жауап берді. 42 Бала келе жатқанда, жын оны жерге жығып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырды. Содан оны әкесіне тапсырды. 43 Бәрі де Құдайдың ұлы құдіретіне қайран қалды.
Мәсіхтің Өзінің алда шегетін азабын екінші рет білдіруі
Бүкіл халық Исаның барлық істеріне таңырқап тұрғанда, Ол шәкірттеріне (өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді: