Pular para o conteúdo
Publicidade

Леуіліктер 18

6 Ешкім өзінің қандас туысымен жақындасып абыройын ашпасын! Мен Жаратқан Иемін. 7 Әкең мен шешеңнің абыройын төгіп шешеңмен жақындаспа! Ол өз анаң ғой, оның абыройын ашпа! 8 Әкеңнің өзге әйелімен де жақындаспа! Бұл әкеңнің де абыройын ашқаның. 9 Өзіңнің бірге туған әпке-қарындасыңның немесе өзіңмен жартылай қандас не әкеңнің, не шешеңнің қызымен де жақындаспа! Ол сенімен бірге туып-өсті ме, жоқ па, бәрібір, оның абыройын төкпе! 10 Ұлыңның не қызыңның қызымен жақындаспа! Бұл өзіңнің де абыройыңды ашқаның. 11 Әкеңнің басқа әйелінен туған қызымен де жақындаспа! Ол сенің әпке-қарындасың ғой. 12 Әкеңнің әпке-қарындасымен де жақындаспа! Ол әкеңнің қандас туысы ғой. 13 Шешеңнің әпке-сіңлісімен жақындаспа! Ол шешеңнің қандас туысы ғой. 14 Әкеңнің аға-інісінің әйелімен жақындасып, немере аға-ініңнің абыройын төкпе! Сол әйел сенің туысқан жеңгең не келінің ғой. 15 Өз келініңмен де жақындаспа! Ол ұлыңның әйелі ғой, келініңнің абыройын ашпа! 16 Аға-ініңнің әйелімен жақындаспа! Бұл ағаңның не ініңнің абыройын ашқаның.

17 Бір әйелмен және оның қызымен немесе бір әйелмен және оның немере не жиен қызымен бірдей жақындаспа! Олар өзара қандас туыстар ғой. Бұл — жексұрын қылық. 18 Әйеліңнің туған әпке не сіңлісін алып, онымен әйеліңнің көзі тірісінде жақындаспа! Бұдан сол екеуі күндес болар еді.18:18 Жар 29:30,32; 30:15.

19 Әйелдің айлық етеккірі келіп жүрген кезінде онымен жақындаспа!

20 Басқа біреудің әйелімен еш жақындасып, өзіңді арамдама!

21 Ұрпақтарыңды (жалған тәңір) Молохқа құрбан етіп18:21 20:2; Заң 12:31; 18:10; Пат4 17:17. Құдайыңды қорлама! Мен Жаратқан Иемін.

22 Еркекті әйелдей көріп онымен жақындаспа! Бұл — жексұрын қылық.

23 Жануармен жақындасып, өзіңді арамдама! Әйел де жақындасу мақсатымен өзін жануарға ұсынбасын. Бұл — нағыз азғындық.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também