4 — Мұса пайғамбар күйеуінің арнайы қағазды жазып беріп, әйелімен ажырасуына рұқсат еткен ғой!10:4 Заң 24:1. — деді олар. 5 Сонда Иса былай деп жауап қатты:
— Мұса сендерге осы ережені жүректеріңнің Құдайдың еркіне мойынсұнбай қасарысқандығына бола жазып қалдырған. 6 Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты».10:6 Жар 1:27; 5:2.7 «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, 8 әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады»10:8 Яки: әйеліне (ажырамастай берік) жабысады (жармасады), сөйтіп екеуі бір «тән» (жаңа бірлік) болады (Жар 2:24). (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас! 9 Сонымен Құдай қосқандарды адам баласы ажыратпасын!