Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 11

Мәсіхтің елдің астанасы Иерусалимге бейбіт Патша ретінде кіруі

1 Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына11:1 13:3; 8:11; Жох 11:1-2; 12:1. жақындап келді. Сонда Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, 2 оларға мынадай тапсырма берді:

— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер. 3 Егер біреу сендерден «Бұл не қылғандарың?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек, жуық арада кері қайтарып жібереді» деп жауап беріңдер.

4 Екі шәкірт барғанда көше бойындағы бір үйдің қақпасына байлаулы тұрған жас есекті тауып, шылбырын шешті. 5 Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері: «Тайқарды шешіп не істемексіңдер?» — деп сұрады. 6 Екі шәкірт Исаның айтқанындай жауап берді. Содан әлгілер оларға кедергі жасамай, жайларына жіберді. 7 Екі шәкірт жас есекті Исаға алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса оған мінді.

8 (Иерусалимге бара жатқан) көптеген адамдар11:8 Бұл кез Құтқарылу мейрамынан алты күн бұрын болғандықтан, көп адамдар мейрамға дайындалуға Иерусалимге бара жатты (Жох 11:55). жамылғыларын жолға жайса, өзгелері даладан жас бұтақшаларды кесіп әкеліп, соларды Исаның алдына төсеумен болды.11:8 Осы салтпен халық Исаны Құдай жіберген Құтқарушы Патша Мәсіх ретінде қарсы алды (1:3; 11:9-10; Зәк 9:9-10).9 Осылай Исаның алды-артынан еріп жүргендер қатты дауыспен былай деп айқай салды:

«Тәңір Ие мадақталсын!»11:9 Түсіндірмедегі «Осаннаны» қараңыз.

«Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!»11:9 Жыр 117:25-26; Мат 21:9; Лұқ 19:38.

10 «Арғы тегіміз Дәуіттің қайта орнайтын патшалығы жарылқанған!»11:10 Яки: «Арғы тегіміз Дәуіттің (Жаратқан Иенің атынан) қайтадан құрылмақ патшалығы жарылқаулы!» (Пат2 7:11-14; 23:1-3,5; Иш 9:6-7; 11:1,4,12)

«Заңғар аспанда Жаратқан Ие мадақталсын!»11:10 11:9; Мат 21:9; Лұқ 2:14; 19:18; Жыр 148:1.

11 Осылай Иса Иерусалимге кірді де, ғибадатханаға барып, оны айнала қарап шықты.11:11 11:15-17. Кеш батқанда Ол он екі елшісін ертіп қаладан шығып, Бетания ауылына барды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também