Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 11

Жеміссіз інжір ағашының қарғалуы, ғибадатхананың арамдықтан тазартылуы

12 Келесі күні олар Бетаниядан шыққанда, Исаның қарны ашты. 13 Алысырақтан жапырақ жайған інжір ағашын көрген Ол жемісінің бар-жоғын байқау үшін қасына барды. Бірақ ағаштан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Жеміс беретін маусымы әлі болмаған еді.11:13 Сол өлкедегі інжір ағаштары наурыз айында бүршік жарып, жапырақтары сәуір айында шығады. Інжірдің сол кездегі жасыл бүршіктерін тамаққа пайдалануға болады. Ал оның өте дәмді жемісі маусым айында ғана пісіп, жиналады. Егер сәуірде інжір ағашының еш бүршігі болмай, тек жапырағы ғана болса, онда оның сол жылы жеміс бермейтіні анық.14 Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешкім де жемісіңнен дәм татпасын!» — деді.11:14 Осы ағаш халықтың жағдайын бейнеледі: Құдай олардан рухани жеміс күткенмен, көпшілігі жұрт көзіне жақсы көріну үшін ғана діни салттарды орындаумен шектелді. Сондықтан халық Құдайдың қаһарына ұшырайтын болды (Мат 3:7-8; 6:1,5,16; 23:13; Жох 15:5-6; Лұқ 13:5-9; Ош 9:10; Ерм 24:1,8-10). Шәкірттері Исаның осы айтқандарын естіді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também