Мәсіх қайта тірілді!
1 Сенбі күні өткеннен кейін16:1 Яғни діни демалыс күні — сенбіде күн батқаннан кейін. мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды. 2 Олар жексенбі күні16:2 Немесе: аптаның бірінші күні. ертемен, күн шыға қабірге бара жатқанда: 3 «Бізге қабір аузындағы қақпақ тасты кім домалатып ашып берер екен?» — десті.
4 Олар келіп қараса, тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. Ал тас тым үлкен болатын. 5 Ішке кірген әйелдер оң жақта отырған ақ киімді бір жас жігітті көріп, абыржып қорқып кетті. 6 Бірақ періште16:6 Мат 28:5. оларға қарап былай деді:
— Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленіп өлген назареттік Исаны іздеп жүрсіңдер ғой. Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның қойылған орнын қараңдар! 7 Енді барып, Оның шәкірттеріне және Петірге мынаны жеткізіңдер: Иеміз сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Сендерге Өзі айтқандай, сол жерден Оны көресіңдер.
8 Әйелдер бойларын қорқыныш билеп, қатты дірілдеп қабірден шықты да, қаша жөнелді. Зәрелері ұшқан олар сол сәтте басқа ешкімге ештеңе айтпады.
Мәсіхтің елшілеріне Ұлы аманатын тапсырып, көкке көтеріліп кетуі
9 Иса жексенбі күні таң сәріде қайта тірілгеннен кейін ең алдымен мағдалалық Мәриямға көрінді. Бір кезде Иса оның бойынан жеті жынды қуып шығарған болатын.16:9 15:40,47; Жох 20:14-18; Лұқ 8:2.10 Мәриям Исаға еріп жүрген, ал қазір Оны жоқтап аза тұтқан шәкірттеріне барып, оларға бұл хабарды жеткізді. 11 Алайда олар Мәриямның: «Иса тірі! Мен Оны көрдім!» дегенін естігенде нанбады.16:11 16:14; Жох 20:14-18.
12 Бұдан кейін Иса шәкірттерінің екеуіне бір ауылға кетіп бара жатқан кездерінде жолшыбай басқа бір кейіпте көрінді.16:12 Лұқ 24:13-31.13 Олар қайта оралып келіп, қалған шәкірттеріне айтып берді, алайда солар бұл екеуіне де сенбеді.
14 Ақыр соңында, кешкі асқа отырған кездерінде, Иса он бір елшісінің өздеріне де көрінді.16:14 Лұқ 24:36-43. Оларға қайта тірілген Өзін көргендерге нанбай, қиқарлық танытқандары үшін наразылық білдірді.
15 Иса оларға тағы былай деді: «Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға16:15 (Мат 28:19; Лұқ 24:47; Жох 20:21; Елш 1:8) Яки: бүкіл жаратылысқа. барып, Ізгі хабарды жариялаңдар! 16 Кім сеніп, шомылдыру рәсімінен өтсе,16:16 Немесе: Кім сеніп, арнайы тазару рәсімінен өтсе (1:4; Рим 6:3-4; Елш 16:30-33; Түсіндірмедегі «Шомылдыру рәсімін» де қараңыз). сол құтқарылады. Ал кім сенбесе, сотталады.16:16 Жох 3:16,18; 5:24,29; 12:48.17 Сенушілер Құдайдың құдіретін көрсететін мынадай кереметтерді істемек: олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді. 18 Егер де қолдарымен улы жылан ұстап16:18 Лұқ 10:19; Елш 28:1-6. не у ішіп қойса, содан ешқандай зақым көрмейді. Ауру адамдардың үстіне қолдарын қойса, олар сауығып кетеді».
19 Сонымен Иеміз Иса олармен сөйлесіп болған соң көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасты.16:19 14:62; Жыр 109:1; Лұқ 24:50-52; Елш 1:9; 2:32-35; 7:56; Аян 1:13-18.20 Ал шәкірттері барлық жерлерге барып, Ізгі хабарды жариялап жүрді. Иеміз оларға жар болып,16:20 Яки: олармен бірге әрекет етіп (Елш 1:8; 2:2-4,7-12,16-21,40-41; 3:6-13; 8:1,4-8,34-40; 17:1-6,16-20,29-34; 18:5-11). Өзінің құдіретін көрсететін кереметтері арқылы уағыздалған хабарды растап бекітті. (Аумин)